Электрондық еңбек биржасында III тоқсанда 176 мың бос жұмыс орны орналастырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың III тоқсанында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) білікті қызметкерлер үшін 176 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Бұл II тоқсанға қарағанда 20,1 мыңға және I тоқсанға қарағанда 48,9 мыңға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.