Коронавируспен күреске әрбір адам жеке атсалысуы керек – Зәмзәгүл Ханділла
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Пандемия ахуалы әлемде күн санап күрделеніп барады. Елдің денсаулығы мен өміріне үлкен зардап тигізетін коронавирус туралы ақпаратты халық білуі тиіс. Осыған байланысты С.Асфендияров атындағы «Ұлттық медицина университеті» АҚ Микробиология және вирусология кафедрасының лекторы Зәмзәгүл Ханділла COVID-19-дың тарихта болған басқа вирустардан айырмашылығы мен қаупі туралы айтып берген еді.