Ж.Айтжанова: Қазақстанның ДСҰ-ға өту шарттарын ратификациялауымыз қажет
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына өту шарттарын ратификациялағаннан кейін ұйымға толыққанды мүше боламыз. Бұл туралы қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.