Добавить новость
123ru.net
Все новости
Февраль
2025

Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді

0

Премьер-министр Шардара су қоймасынан су жіберудің артуына және Сырдария өзеніндегі жартылай мұз қатуына байланысты қауіпті ескере отырып, Қызылорда облысында су тасқыны кезеңінің өтуіне қатысты мәселе көтерді. Сондай-ақ су тасқыны қаупі бар Атырау және Қостанай облыстарына да назар аударылды. Аталған мәселелер бойынша өңір әкімдері тыңдалды. Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пікір білдірді.

«Қазір су тасқыны кезеңіне сақадай-саймыз деп айтуға әлі ерте. Осы күнге дейін тиісті шешімдер қабылданбаған бірқатар мәселе бар. Бұл әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарға қатысты. Қазір, ең алдымен, елді мекендердің су тасқынына нақты дайындық деңгейін тексеру керек. Әрбір елді мекенге барып, қалыптасқан жағдайды жан-жақты саралап, тиісті шаралар қабылдайтын өңірлік комиссиялар құруды тапсырамын. Барлық әкім тікелей жауап береді. Сондықтан жұмысты жандандырып, су тасқынына қарсы белгіленген шараларды нақты іске асыру қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр:

  • Өңір әкімдіктері 1 наурызға дейін су тасқынының алдын алу және жою үшін барлық қажетті ресурстарды дайындасын. Елді мекендерден қарды ертерек шығару қажет. Су бұру арналары мен арықтарды дайындау, нөсер кәріздерін тазарту керек. Су тасқыны қаупі бар елді мекендер топырақ үйінділерімен және арнайы қорғаныс бөгеттерімен бекітілуі тиіс. Азық-түлік, жанар-жағармай, дәрі-дәрмек және азаматтардың тыныс-тіршілігіне қажетті құралдар қорларын дайындау, қажет болған жағдайда өзендерде алдын ала жарылыс жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
  • Су ресурстары және ирригация министрлігі болжамды деректерді ескере отырып, су қоймаларындағы судың жиналу көлемін анықтап, оларға тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда суды алдын ала және қауіпсіз жіберу бойынша шаралар қабылдау қажет. Шекара маңындағы мемлекеттермен бірлесе отырып, трансшекаралық су айдындарында қауіптердің туындауы туралы мәліметтермен үнемі өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру керек.
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ТЖМ және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, су басуы ықтимал аймақтарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу жөніндегі іс-қимылдарды айқындау және болжау үшін Tasqyn ақпараттық жүйесінің әлеуетін пайдалансын.
  • Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының жедел әрекет ету дайындығын қамтамасыз етсін. ІІМ-мен бірлесіп, құтқару жасақтарын тарту, оның ішінде әуе кемелерімен тасымалдау алгоритмдерін әзірлеу, су басу қаупі төнген жағдайда азаматтарды уақтылы эвакуациялау мәселелерін пысықтау қажет. Сондай-ақ адамдарды қауіпсіз аймаққа жеткізуге арналған эвакуациялық пункттер мен техниканың дайындығын тексеру қажет.
  • Мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнаманы талдап, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізуі тиіс. Сонымен қатар өткен жылғыдай су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою бойынша республикалық штаб құру тапсырылды.

Премьер-министр әкімдер мен ведомстволарға су тасқыны кезеңіне дайындықты наурыз айының басына дейін аяқтауды тапсырды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net