Әбдіжаппар Әлқожа - Жан ана | Текст песни
Күннен бұрын жетеді.
Жұпарың балқытып даламды,
Гүлден бұрын жетеді.
Бақытты етуге балаңды,
Жылы сөзің жетеді…
Жылы сөзбен жеткізген,
Ұлы сезім жетеді, Жан ана!
Қайырмасы:
Қарызымыз көп шығар, ана,
Парызымыз көп шығар, ана.
Құрсағыңдай тыныш жер,
Құшағыңдай туыс жер,
Жер бетінде жоқ шығар, ана!
Источник ketpe.com
Атыңды ардақтап мақтауға,
Барлық ұғым жетпейді.
Бір түнгі ұйқыңды ақтауға,
Бар ғұмырым жетпейді.
Бал дәмі сүтіңнің баяғы,
Таңдайымнан кетпейді.
Алақаның аялы,
Маңдайымнан кетпейді, Жан ана!
