Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қан ба, тәрбие ме: бала сотталған ата-анасының тағдырын қайталауы мүмкін бе?

0

Егер ата-анасының бірі бұрын қылмыс жасап, сотталған болса, баласы да сол жолға түсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа психиатр Кирилл Сычев жауап берді, деп хабарлайды Tengri Life "Доктор Питерге" сілтеме сілтеме жасап.
Қылмыскер гені жоқ, бірақ темперамент бар
Сычевтің айтуынша, қылмыс – биологияға емес, заңға қатысты ұғым. Сондықтан "қылмыскер гені" деген түсінік ғылымда жоқ.

"Қылмыс деп саналатын әрекет әр елде, әр дәуірде әртүрлі. Ген Қылмыстық кодекстің бабын емес, ақуызды кодтайды. Сондықтан "қылмыскер гені" болмайды", – дейді психиатр.

Алайда бала әкесінен немесе анасынан мінез ерекшеліктерін мұра ете алады. Ол дәл сондай ұшқалақ, эмоцияға берілгіш болуы немесе тәуекелге құмар болуы мүмкін. Бірақ мұның бәрі әлі қылмысқа бейімділік емес. Керісінше, сол мінезді жақсы арнаға бұрып, спортта, медицинада, құтқару саласында, бизнесте немесе басқа кәсіпте табысқа жетуге болады.
Яғни бір мінез екі адамда екі түрлі көрінуі мүмкін. Мұнда тәрбие, орта, өмірлік тәжірибе және адамның эмоциясын қалай басқаруды үйренгені үлкен рөл атқарады.
Жауынгер гені
Қылмыскер гені болмағанымен, 1991 жылы ғалымдар MAOA генінің бейресми атауы - "жауынгер генін" тапты. Зерттеушілер MAOA геніндегі ерекше мутация мидың химиялық құрамына әсер ететінін, бұл айқын агрессия мен антиәлеуметтік мінез-құлыққа әкелетінін анықтады. Бірақ бір ескерту бар: әдетте, бала кезінде қатал қарым-қатынасқа ұшырағандар ғана агрессорға айналады. Сондықтан "жауынгер генінің" болуы өздігінен ештеңені білдірмейді: бала өскен орта оның генетикалық жиынтығынан кем түспейтін маңызға ие.
Сычевтің айтуынша, бұл геннің белгілі бір нұсқасы шамамен әр үшінші ер адамда кездеседі. Бірақ олардың басым бөлігі қалыпты өмір сүріп жүрген адамдар.

"Яғни, тіпті "жаман генетика" туралы ең танымал зерттеуде де ген емес, сол генді тасымалдаушы баламен ересектердің қалай қарым-қатынас жасағаны шешуші рөл атқарған", - деп атап өтті маман.

Психиатрдың айтуынша, кей отбасыларда бірдей жағдайлар ұрпақтан ұрпаққа қайталануы мүмкін. Мысалы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, қорлау, тұрақты жанжал немесе ішімдікке тәуелділік.
Бала мұның бәрін көріп өссе, оны қалыпты қарым-қатынас үлгісі деп қабылдап қалуы мүмкін. Ал егер ол қауіпсіз әрі дұрыс ортада өссе, бұл қалыптасқан шеңбер үзіледі.
Тұқым қуалайтын аурулар
Кейбір жүйке аурулары шынымен де тұқым қуалауы мүмкін.
Сондықтан жақын туыстардың бірінде осындай диагноз болса, бұл мәселені психиатрмен талқылаған дұрыс.
Бірақ бұл сау баладан ауру іздеу керек деген сөз емес. Мұндай дертті алдын ала анықтайтын әмбебап талдау жоқ.
Мақсат – белгілі бір аурудың тұқым қуалаумен қаншалық байланысты екенін түсіну және кейін баланың дамуындағы қандай белгілерге назар аудару қажет екенін білу.
Кейде ананың қорқынышы да әсер етуі мүмкін
Тағы бір мәселе – ананың баладан үнемі әкесінің жағымсыз қасиеттерін іздей бастауы.
Мысалы, "Әкесіне тартпады ма екен?", "Мектепте төбелесті, демек, тұқымына тартқан" деген ойлар баланың психикасына кері әсер етуі мүмкін.
Бала өзінен үнемі "жамандықтың белгісін" іздеп жүргенін сезсе, уақыт өте "менде бірнәрсе дұрыс емес" деген түсінік қалыптасуы ықтимал.
Сондықтан мұндай жағдайда психологтің көмегі ең алдымен ананың өзіне қажет болуы мүмкін.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net