Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026

Маңғыстау облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

0

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Ербол Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Ербол Күрентайұлы Ізбергенов 1973 жылы 11 тамызда Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясының құрылыс-монтаждау учаскесінде тас қалаушы болып бастаған.

Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс ұйымдарында, Ақтау қаласының әкімдігінде жұмыс істеді, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары және облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басқарма басшысы қызметін атқарды.

2019–2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры болып жұмыс істеді.

2020–2023 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2024–2025 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Маңғыстау облысы әкімінің тағы бір өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 1971 жылы 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау облысы бойынша Кеден басқармасының "Баутин" кеден бекетінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары банк саласында, Ақтау қаласы әкімдігінде және Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында қызмет етті. Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің басқарма басшысы қызметін атқарды.

2008–2010 жылдары "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ активтерді басқару департаментінің директоры, кейінірек басқарушы директор – корпоративтік хатшы болып жұмыс істеді.

2010–2019 жылдары "Отырар Энерджи" ЖШС және "Адай" ЖШС бас директоры лауазымдарын атқарды. 2020–2021 жылдары "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басқарма төрағасы болды.

2021–2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, содан кейін бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. 2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net