Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жоғары лауазымды әскери қызметшіні қызметінен босату туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
