Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Жуыну да, жуу да мұң“: Алматыдағы Қайрат ықшамауданының тыныс-тіршілігі

0

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат ықшауауданы жаңалықтар легіне жиі ілігеді.
Кейінгі жылдары бұл аудан айтарлықтай өзгерді, себебі мұнда көптеген жаңа тұрғын үй кешені қарқынды салынып жатыр. Мұндай қарқын жалпы жағдайға әсер етпей қоймайды - мәселе инфрақұрылым мен инженерлік желілердің құрылыс қарқынына ілесе алмай жатқандығында. Кейбір жаңа салынған үйлерде адамдар құрылыс салушыларға шағымданса, басқаларында жарықтың жоқтығынан жолдарды жауып тастаған, ал осы жердегі жеке сектор тұрғындары үйлерін бұзбауды өтініп шыққан болатын.
Tengrinews.kz тілшісі Қайрат ықшамауданына барып, 2026 жылы халықтың тұрмыс-тіршілігі қалай қалыптасып жатқанын білу үшін тұрғындармен тілдесіп қайтты.
Осыдан екі жылдан аса уақыт бұрын редакция бұл аудан тұрғындарының мұң-мұқтажы туралы репортаж жариялаған болатын. "Қайраттың" осы уақыт ішінде қалай өзгергенін салыстыру үшін сол материалмен таныса аласыздар.
Тар жолдар мен шаң-тозаң
"Қайраттың" басты көшелерінің бірі Тараз қаласының құрметіне аталған. Ол Құлжа тасжолы мен "Жетісу-Жетісу" базарының маңынан бастау алады. Жолдың өзі тар, ал ірі базармен көршілес болуы оған еш пайдасын тигізіп тұрған жоқ.
"Қайрат" - Алматының Түрксіб ауданында, қаланың солтүстік-шығыс шетінде орналасқан ықшамаудан. Бұрын ол Алматы облысы Талғар ауданының ауылы болған, ал 2014 жылы мегаполис құрамына енді. Қазір бұл қаланың ең қарқынды дамып жатқан бөліктерінің бірі, мегаполистің өсіп келе жатқан шеті: мұнда әлі де жеке сектор бар, бірақ оны ірі тұрғын үй кешендерінің құрылысы белсенді түрде ығыстырып жатыр.
Жағдайды салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне бетон мен құрылыс материалдарын таситын көптеген жүк көліктері қиындата түседі. Соның салдарынан мұнда үнемі кептеліс болады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Жолшыбай кездескен алғашқы тұрғын үй кешені премиум-класқа жатады және құрылыс салушының жарнамалық материалдарында міндетті түрде "эко" қосымшасымен аталады.
Әңгіме Dream City Family туралы болып отыр. Қазірдің өзінде "A", "B", "C" және "D" әріптерімен белгіленген алғашқы төрт кезең бой көтерген.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Дегенмен, құрылыс салушы мұнымен тоқтап қалмақ емес және қазірдің өзінде "E", "F" және "G" кезеңдерінің жұмысын жүргізіп жатыр. Олар онша алыс емес жерде орналасқан.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Сондай-ақ біз "K", "L", "M" және "N" сериялы блоктардың құрылысы басталғанын көрдік. Құрылыс қарқынына қарағанда, компания ағылшын әліпбиін толық игеруді жоспарлап отырған сияқты.
Жаңа көпқабатты үйлер жазық алаңда бой көтеріп жатыр. Егер оларға баратын асфальт төселген жолдар болса, бұл жақсы.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Бірақ бәрінің бірдей жолы бола бермейді. Мәселен, басқа құрылыс салушыға тиесілі Qazyna тұрғын үй кешеніне баратын жолға әлі асфальт төселмеген. Бұл оның премиум-класқа жатпайтындығынан болса керек. Осы 13 жеті қабатты блокқа жету үшін біраз тер төгу керек.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Бұл үйлерге ыстық күнде де жету оңай емес - жер қатты болғанымен, шаң-тозаң көп. Күзде жауын-шашын кезінде және көктемдегі алғашқы жылымықта мұнда қандай батпақ болатынын елестету қиын емес.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Жергілікті тұрғындардан су мен жарықтың жағдайын сұрадық. Көбісі: "Бәріндегідей жағдай", - деп жауап береді.

"Иә, жарық сөніп тұрады. Күн ішінде бірнеше рет өшіп қалуы мүмкін", - дейді жергілікті дүкендердің біріндегі сатушы.

Buta Legacy ТҮК-де шағымданатын ештеңе жоқ па?
Тараз көшесіндегі тағы бір тұрғын үй кешені Buta Legacy деп аталады. Ол бес қабатты 24 блоктан тұрады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Осы кешеннің тұрғындары 2025 жылдың шілдесінде бейнеүндеу жариялап, құрылыс салушыға шағымданған болатын.

"Біз пәтерлерді жайлылық класындағы (комфорт-класс), тіпті құрылыс салушы мен сату бөлімі айтқандай комфорт-плюс санатындағы үйлерден сатып алдық. Бірақ құрылыс салушы орындамаған бірқатар себептерге байланысты қарапайым "комфорт" деңгейіне де жете алмай отырмыз", - деді сол бейнероликте Buta Legacy тұрғындарының бірі.

Сондай-ақ адамдар үйлердің қасбеті кей жерлерде тозып кеткенін атап өтті. Сонымен қатар, олардың айтуынша, құрылыс салушының кесірінен ТҮК қазандығын қала теңгеріміне өткізе алмаған.
Тұрғындар су қысымының төмендігіне, оның сапасына және электр қуаты Талғардан (Алматы облысындағы қала) келетіндіктен жиі үзілетініне шағымданды.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Ал қазір жағдай қалай? Осы тұрғын үй кешенінің тұрағында біреуді күтіп тұрған зейнеткерден жағдайды сұрадық. Ол шағымданатындай ештеңе жоқ деп жауап берді:

"Мен өзім мұнда тұрмаймын. Балам тұрады. Ол шағымданбайды. Жарық пен су мәселесі туралы одан бірде-бір рет естімеппін".

Біз таңғалдық. Шамасы, мұнда барлық мәселе шешілген сияқты. Дегенмен, біздің келесі сұхбаттасушымыз мүлдем басқа пікір білдірді. Біз сөйлескен жергілікті тұрғын құрылыс салушының шынымен де бірқатар ескертулерді түзеткенін, бірақ жарық пен су өшіп тұратынын атап өтті.
Осы кешеннің тағы бір тұрғыны су қысымының әлі де төмен екенін айтады. Шамасы, мұнда бәрібір шағымданатын жайттар бар сияқты.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
ТК кіреберісіндегі шлагбаум алдында тұрған жүргізушілердің бірі қонақтарға арналған тұрақтың жоқтығына наразы. Кешен аумағына тек тұрғындар ғана кіре алады, ал егер сіз курьер, такси жүргізушісі болсаңыз немесе біреуге қонаққа келсеңіз, көлік қоятын жер мүлдем жоқ. Мұндағы жолдар да, тротуарлар да өте тар.
Tamarix City мәселелері бақылауда
Әрі қарай біз Tamarix City тұрғын үй кешеніне қарай бет алдық. Бірақ алдымен бірнеше жеке үйлер мен ірі автобус паркінің жанынан өтеміз.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Содан кейін - Tamarix City 2.0 жанынан өтеміз. Бұл біз бара жатқан кешеннің екінші және шағын кезегі.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Оның артында әлі пайдалануға берілмеген Buta Albion тұрғын үй кешенін көруге болады. Сыртқы түріне қарағанда, құрылыс салушы қасбеттағы жұмыстарды аяқтап қалған.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Бізді қызықтырған Tamarix City кешені автобус паркі мен "Жетісу-Семіречье" базарының қоршауында қалған 15 жеті қабатты корпустан тұрады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Біздің бұл кешенге назар аударуымыздың себебі мынада. 5 қыркүйекте Алматы әкімі Ерболат Досаев Tamarix City тұрғындарымен кездесті. Кездесуде инженерлік және инфрақұрылымдық мәселелер талқыланды.

"Негізгі сұрақтар жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуге қатысты болды. Әкім қазандықты бейінді ұйымға өткізуді тездетуді және трансформаторлық қосалқы станцияларға қатысты мәселені шешу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды", - деп жазды сол кезде әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұрғындар қала басшысына жолдар мен тротуарлардың жай-күйі, арық желісі мен сыртқы жарықтандыру мәселелері бойынша да өтініш білдірді. Әрине, бұл мәселелердің барлығы бақылауға алынды.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Көріп отырғанымыздай, мұндағы шағымдар Қайрат ықшамауданындағы басқа жаңа салынған үй иелерінің айтқандарына өте ұқсас.
Түсірілім кезінде біз де жергілікті тұрғындардан жағдайды сұрастырдық. Мұнда 2021 жылдан бері, яғни үйлер пайдалануға берілген сәттен бастап тұратын әйел былай дейді:

"Биыл жарық өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда жиі өшеді. Жарықтың күні бойы болмаған кездері де болды. Басқа мәселе көріп тұрған жоқпын, тек жарық жағы қиын болып тұр".

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Тағы бір жергілікті тұрғынды осы ТК аумағы арқылы өтетін көліктердің шексіз ағыны мазалайды.

"Жоғарғы жақтағы шлагбаумның қазір жоқ екенін көрген боларсыз. Көліктер күндіз-түні ағылып жатыр. Маңайдағы құрылыстардың кесірінен үнемі шаң шығады, соның салдарынан балалар алаңқайлары лас. Су мен жарықтың өшуі туралы айтпай-ақ қояйын".

Айтпақшы, Tamarix City-ге қарама-қарсы жаңа мектеп салынып, ол қазірдің өзінде оқушыларды қабылдап жатыр.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Ал оның артында ауқымы таңғалдыратын тағы бір тұрғын үй кешені - Jeti Qazyna-ның корпустары бой көтеріп жатыр.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Осы орайда заңды сұрақ туындайды: жергілікті мектеп пен жалпы осы аудан халық ағынына қалай төтеп бермек?
Altyn City ТК-дегі "жаһандық мәселелер"
Содан кейін біз биылғы шілдеде тұрғындары Бұқтырма көшесін жапқан Altyn City ТК-ге бет алдық. Бұл кешен Қайрат  ықшамауданының негізгі бөлігінен оқшау орналасқанымен, картада осы ауданға жатады.
Ол 32 он қабатты блоктан тұрады. Сыртқы түрі Tamarix City үйлеріне қатты ұқсайды. Екі жақта да құрылыс салушы бір компания. Мүмкін ұқсас жоба пайдаланылған шығар.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Дәл осы жерде үйлердің келесі кезегі салынып жатыр. Бұл блоктардың барлығы әртүрлі аяқталу сатысында тұр.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Жергілікті тұрғындардан шілде айынан бері бірдеңе өзгерді ме деп сұрап көрдік. Олардың жауабын түйіндесек, әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ.

"Жарық пен су жағынан үлкен мәселелер бар. Мен мұнда тұрғаныма бір жыл болды, қиындықтар 2026 жылдың басында басталды. Жарық мезгіл-мезгіл өшіп тұрады, бірақ апта сайын немесе екі күн сайын емес. Дегенмен, арасында өшіріп тастайды. 15 минутқа немесе жарты күнге созылуы мүмкін. Жылудан мәселе жоқ, қыста пәтерлер ыстық", - дейді тұрғындардың бірі.

Сондай-ақ ол көлік қоятын орындарға қатысты "жаһандық мәселелерді" атап өтті.

"Бір жылдан бері кіреберіске шлагбаум орнатуды сұрап келеміз, бірақ әлі қойылған жоқ. Кім көрінген кіріп, көлігін тастап кете береді, оның үстіне тұрғындар өте көп. Пәтерлер саны автотұрақ орындарының санына мүлдем сәйкес келмейді", - дейді алматылық тұрғын.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Тағы бір сұхбаттасушымыз мұнда төрт айдан бері пәтер жалдап тұрады, ол да бұл жердің кемшіліктерін байқап үлгерген.

"Мен төменгі блоктарда тұрамын. Меніңше, жоғарғы блоктарда жарық жиірек өшеді. Әйтеуір бізге қарағанда жиі. Шу оқшаулау да нашар, бәрі естіліп тұрады: көшедегі де, көршілер де. Тіпті көршілердің оятқышы шырылдағанына дейін естимін. Ыстық су да жиі өшеді - жарыққа қарағанда жиірек. Үш-төрт сағатқа өшіріп тастауы мүмкін. Әсіресе бала болғанда өте ыңғайсыз - жуындыру қиын", - деп кейиді әйел.

Tengrinews.kz редакциясы 2026 жылдың қыркүйегінде Қайрат ықшамауданы мен оның мәселелерін осылай көрді.
Қала билігі инженерлік желілерді реттеп, инфрақұрылымды дамытуға күш салып жатқаны түсінікті. Мысалы, шілдеде шенеуніктер берген есепке сүйенсек, тек осы ауданның өзінде 21,6 шақырым су құбыры мен 24,7 шақырым кәріз желісі тартылып, 15,6 шақырым жол мен үш кәріз сорғы станциясы салынған.
Дегенмен билік құрылыс салушылардың қарқынына әрдайым ілесе алмай келеді. Тұрғын үй кешендерінің көптеп бой көтеруі соншалық, қуат көздері бәріне бірдей жетпей жатыр. Қала билігінің қажетті тепе-теңдікті сақтай алу-алмауын тек уақыт көрсетеді.
Әзірге Алматының қарқынды дамып жатқан шеткері аймақтарында инфрақұрылымдық және коммуналдық мәселелердің бір сарында қайталанып жатқаны байқалады.
Мәселен, жақында ғана Бесағаш ауылы туралы репортаж жасадық - айтпақшы, ол Қайрат ықшамауданымен шектеседі. Әзірге бұл ауыл Алматы облысына қарасты болғанымен, мегаполис іргесіне тақап келді. Бесағаш та "Қайрат" сияқты белсенді түрде салынып жатыр, соның салдарынан оның тұрғындары да дәл сондай қиындықтарға тап болып отыр - су мен жарықтың өшуі, құрылыстан шыққан шу мен шаң-тозаң және басқа да мәселелер.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net