Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жылу іздеп келген мысық дәрігерлер арасынан үй тапты: Бензиннің оқиғасы

0
Беня есімді мысық осыдан екі жыл бұрын Петропавлдағы жедел жәрдем станциясына жылы жер іздеп келіп, күтпеген жерден ұжымның сүйіктісіне айналды. Бүгінде ол кезекшіліктен келген медиктерді қарсы алып, кабинеттерді аралайды және өзіне назар аудартқанды ұнатады. Дәрігерлер арасынан пана тапқан мысықтың хикаясы - Tengri Life материалында.
Мысық станцияға қалай келді?
Мысықтың оқиғасын механик Иван Курцевич айтып берді. Осыдан екі жыл бұрын ол Петропавлдағы жедел жәрдем станциясы аумағында тоңып қалған жануарды байқаған.

"Күз мезгілі, алғашқы аяз басталған еді. Жұмысқа келсем, күркедегі орындықта бір мысық отыр екен. Жүргізушілер оның кеше кештен бері сонда жүргенін айтты. Жануарды аяп кеттім: қасына барып, қолыма алдым да, гаражға апардым. Ол жерде Тосик есімді тағы бір мысығымыз бар еді", - дейді Иван.

Келесі күні ол үйреншікті орнында болмаған, бірақ үйге қайтар алдында механик оны жылы батарея қасынан көріп қалады. Уақыт өте келе мысық ортаға үйрене бастайды, десе де адамдардан әлі де сескенетін. Осылайша мысық станцияда қалып қойды.
Беня станциядағы алғашқы күндері. Фото: СҚО Облыстық жедел медициналық көмек орталығы.
Бірінші мысықтың аты Тосол (антифриз) болғандықтан, жаңа келген мысықтың аты Бензин (немесе жай ғана Беня) болып кеткен. Дегенмен әлеуметтік желілерде ол Бенжамин деген салмақты есіммен танымал болды.

"Мен мұнда былтыр жұмысқа келгенде оның аты Бензин екенін білмедім - бәрі оны тек Бенжамин дейтін. Бұл туралы кейінірек естідім, бірақ Инстаграмдағы атын өзгертпеуді жөн көрдім", - дейді СҚО Облыстық жедел медициналық көмек орталығының хатшы-аудармашысы.

Сары қарғыбау таққан - Тосол, жатқан мысық - Бенжамин. Фото: СҚО Облыстық жедел медициналық көмек орталығы.
"Жеккөрініштен махаббатқа дейін": Беня станцияға қалай сіңісіп кетті?
Механиктің айтуынша, басында станция ұжымы жаңа қонақты аса құлшыныспен қабылдай қоймаған.

"Бәрі мысықты жақтырмай, жедел жәрдем станциясына оның керегі жоқ екенін айтып: "Оны гаражыңа қайта алып кет" дейтін. Демалыс күндері мысықтарды тамақтандыруды өтінгенімде көбі бас тартатын, бірақ түсіністік танытып, көмектесетіндер де болды. Көктемде ортаға үйренген соң, мысықтар станцияның бүкіл аумағын аралап, кейде тіпті әкімшілік ғимараттың ішіне кіретін болды", - дейді механик.

Қазір жағдай өзгерді. Беняға барлық жанашыр қызметкер қамқорлық жасайды, ал таңертеңгілік ауысым оның қатысуынсыз өтпейді. Үй жануары күн сайын кабинеттер мен аумақты аралап, әр қызметкердің өзін еркелеткенін қалайды.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by БЕНИ????????/Кот скорой помощи ???? (@kotoshef11)


Шатырдағы оқиға және желідегі жанкүйерлер
Ең күтпеген жағдай осы жазда болды: Беня алғаш рет таңертеңгілік тексеріске келмей қалған.

"Таңертең ол әдеттегідей аралауға келмеді. Бәріміз жай ғана қыдырып жүрген шығар деп ойладық, бірақ 3–4 сағат өтсе де мысық көрінбеді. Міне, сол кезде уайымдай бастадық. Мысықты іздеуге әлеуметтік желілер, репосттар мен жарияланымдар арқылы көптеген адам қосылды, тіпті тауып берген адамға сыйақы да тағайындалды", - деді Иван.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by БЕНИ????????/Кот скорой помощи ???? (@kotoshef11)


Сөйтсек, сотқар мысық әкімшілік корпустың шатырына шығып кетіп, ол жерден өздігінен түсе алмай немесе қорыққаннан түспей отырған екен.
Әдетте, күн жылы кезде Беня далада серуендегенді ұнатады. Иванның айтуынша, ол сирена дыбысы мен қарбаластан еш қорықпайды, керісінше, жедел жәрдем көліктері шақыртудан оралғанда, олардың астына тығылғанды жақсы көреді.
Қазір ол медиктерге ауыр ауысымнан кейін өз-өзіне келуге көмектеседі, ал әлеуметтік желілердің арқасында мысықтың адал жанкүйерлері пайда болды.

"Көптеген қызметкер үшін бұл мысық ауыр шақыртулардан кейінгі стресті басудың тәсіліне айналды. Соңғы уақытта Беняның жанкүйерлері түрлі дәмді тағамдар мен ойыншықтар жіберіп немесе өздері әкеліп жатады", - деп бөлісті механик.

Иван Курцевич бұл оқиға басқа адамдарға да көшеде қалған жануарларға қамқорлық жасауға шабыт береді деп үміттенеді.
Тағы оқыңыз: “Сүйкімді әрі арзан шешім“: әуежайдың ерекше “қызметкерлері“ жолаушылардың ықыласына бөленді





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net