Қазақстандық әйел пластикалық отадан кейін бір көзінен айырылды: дәрігердің лицензиясы болмаған
Шымкентте пластикалық хирургия қызметін көрсеткен тұлғаға қатысты сот үкімі шықты. Оның маман сертификаты және тиісті лицензиясы болмаған, - деп хабарлайды Tengri Health Шымкент прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы және сот кескен жаза
Ведомство мәліметінше, ер адам пациентке заңсыз блефаропластика операциясын жасаған. Соның салдарынан әйелдің бір көзі толықтай көрмей қалған.
Анықтама: Блефаропластика — бұл қабаққа жасалатын пластикалық операция. Ем-шара кезінде хирург артық теріні, қажет болған жағдайда жоғарғы немесе төменгі қабақтың май қабаты мен бұлшықет бөлігін алып тастайды. Операция эстетикалық мақсатта да, медициналық көрсеткіштер бойынша да жасалады.
Сот ер адамды Қазақстан Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған қоса, сот оған үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салды.
Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады:
"Тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ тұлғалардың көмегіне жүгіну өмір мен денсаулық үшін ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
