Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгертті

0

Жұма, 4 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 16,25 пайызға дейін төмендетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раунды нәтижелеріне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері балансының жаңартылған бағалауына сүйенеді", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы не деді?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екенін 24 шілдеде айтқан болатын. Ол базалық мөлшерлеме бұдан да көбірек төмендеуі мүмкін деп болжады – бірақ ол үшін инфляция қарқыны бәсеңдеуі тиіс.

"Болжам жасау әрдайым қиын. Бірақ қойылған міндет пен біздің қолымыздан келетін істерге сүйенсек, инфляция 9–9,5 пайызға дейін баяулаған жағдайда, қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты базалық мөлшерлемені шамамен 16 пайыз деңгейінде, плюс-минус болуын көздейді", – деді ол.

Сонымен қатар, Сүлейменов мөлшерлеменің одан әрі төмендеуіне кедергі келтіруі мүмкін факторлар бар екенін ескертті. Бұл қандай факторлар екенін мына жерден оқыңыз.
Еске салайық, 5 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екі жыл ішінде алғаш рет жылдық 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендеткен болатын. Ал 24 шілдеде мөлшерлеме қайтадан төмендетілді – жылдық 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін.
Базалық мөлшерлеме деген не?
Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банк ақша-кредит саясатының басты құралы. Ол банктердің ақшаны қандай пайызбен қарызға ала алатынын көрсетеді және көбіне халық пен бизнес үшін кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздардың қандай болатынын айқындайды.
Ұлттық банктің бағалауы бойынша, оның өзгеруі инфляция деңгейіне бірден емес, шамамен 12-18 айдан кейін айтарлықтай әсер ете бастайды. Қысқа мерзімді перспективада мөлшерлеме өзгерісінің тиімділігі әлсіздеу болады.
Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты жоспарын бөлісті. Реттеуші ақпарына сәйкес, ол қазіргі ақша-кредит жағдайын, соның ішінде базалық мөлшерлемені 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін сақтауға ниетті.
Базалық мөлшерлеме қалай жұмыс істейді?
Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме көтерілгенде, экономикадағы ақша "қымбаттайды" – кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздар өседі. Нәтижесінде бизнес те, халық та аз жұмсап, көбірек жинай бастайды. Тұтынудың төмендеуі баға өсімін бәсеңдетеді, яғни инфляцияны тежейді.
Базалық мөлшерлеме теңгеге қалай әсер етеді?
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткенде, ақша арзандайды. Қысқа мерзімде бұл әдетте теңгенің әлсіреуіне әкеледі – валюта нарығына қатысушылар бағамның төмендеуін күтіп, ұлттық валютаға қарсы ойнай бастайды. Ұзақ мерзімді перспективада мөлшерлеменің төмендеуі инфляцияны бәсеңдетуі мүмкін, бұл, керісінше, теңгенің нығаюына септігін тигізеді.
Келесі шешім қашан шығады?
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті оны жылына сегіз рет қайта қарастырады.
Келесі шешім 23 қазанда шығады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net