Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026

“Ол шектен шықты“ - UFC басшысы Нурмагомедовтың інісі нокаутқа түскеннен кейінгі әрекеті туралы

0
UFC президенті Дана Уайт Умар Нурмагомедовтың сенсациялық жеңілісінен кейінгі PFL чемпионы Усман Нурмагомедовтың іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Дана Уайт баспасөз мәслихатында Умар Нурмагомедов пен Сонг Ядонг жекпе-жегінен кейін Усман Нурмагомедовтың әрекеті туралы ой бөлісті.
UFC президенті PFL чемпионы шектен шығып кеткені және октагонда өзін орынсыз ұстағаны туралы пікірмен келісті.

- Кейбіреулер Усман Нурмагомедов Сонгты ұрып жібере жаздаған кезде шектен шығып кетті деп жатыр.- Сол кезде ол расында шектен шықты, иә, мен мұнымен келісемін, - деді Дана Уайт баспасөз мәслихатында.


Дана Уайт Усман Нурмагомедов Умар жеңілгеннен кейін торға секіріп шығып, "шектен шықты" деп есептейді ????"Ол сөзсіз [шектен шықты]." pic.twitter.com/9mRJEh8jyF
— Championship Rounds (@ChampRDS)2 қыркүйек, 2026 жыл
Еске сала кетейік, ММА-дан қытайлық файтер Сонг Ядонг өз елінде өткен UFC турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовті мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Екінші раундта Қытай өкілі ресейлік спортшы жекпе-жектің фавориті саналғанына қарамастан, Нурмагомедовті күтпеген жерден нокаутқа түсірді.

АҚЫЛҒА ҚОНБАЙТЫН НОКАУТ ????‼️Мұндай нокаутты түсіну мүмкін емес ????Сонг Ядонг Нурмагомедовты ауыр нокаутқа түсірді#UFCShanghai | Тікелей эфирде көріңіз: @PPlusDeportes pic.twitter.com/aVzXoOEKfl
— UFC Español (@UFCEspanol) 29 тамыз, 2026 жыл
Умар есінен танып, октагонға құлағаннан кейін, қытайлық спортшы оның басына тағы бірнеше соққы жасады, бұл Нурмагомедовтердің секунданттарының наразылығын тудырды. Жекпе-жек тоқтатылған бойда Сонг Ядонг октагон ішінде жеңісін тойлай бастады.
Сол сәтте Хабиб Нурмагомедов тоқтатқанына қарамастан, Усман тордың ішіне атылып шығып, қарсыласқа қарай беттеді. Усман қытайлық файтерге қарай қол сілтегенімен, соққы тиген жоқ.

Усман Нурмагомедов Сонгқа шынтағын көрсетіп не істеп жүр? ????#UFCShanghai #UFCHBOMaxpic.twitter.com/PJfvqFVYCX
— Pelunaton (@pelunaton) 29 тамыз, 2026 жыл
Кейін әлеуметтік желіде Усман Нурмагомедов болған жайтты тым асыра сілтеген трагедия деп атап, сыншыларды әлемдегі бұдан да күрделі мәселелерге назар аударуға шақырды.

"Оның қарсыласын ұрмақ болды дегенге келсек. Егер қаласам, ұратын едім. Іші тар, көре алмайтын адамдар, сендердің басты проблемаларың - отбасылық сүйіспеншілік пен түсіністіктің не екенін ешқашан білмегенсіңдер және білмейсіңдер де. Егер бауырдың бауыр үшін кім екенін түсінбесеңдер, маған емес, өздеріңе жандарың ашысын", - деп жазды Усман.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Usman Nurmagomedov (@usman_nurmagomedov) жарияланымдары


Сондай-ақ Усман Нурмагомедовты UFC-дің аңызға айналған файтері, промоушеннің бұрынғы қос чемпионы Даниэль Кормье қорғап шықты. Ол Усман Ядонгты ұрмағанын, ал көрермендерге "қастандық теорияларын" ойлап табудың қажеті жоқтығын айтты.

"Сонг Ядонг Усманға қарай жүгіріп барады, ал Усман оны соқтығысып қалмас үшін тоқтатуға тырысады. Ол оны шынтағымен ұрған жоқ, қастандық теорияларын ойлап табуды доғарыңдар, ол оны шынтағымен ұрмады. Ол Сонг Ядонгқа шабуыл жасаған жоқ. Егер сізге өте жақын адам болса және сол сәтте көмекке ұмтылғыңыз келсе, ол - бауырыңыз", - деді Кормье.


???? Даниэль Кормье Умар нокаутқа түскеннен кейін торға секіріп шыққан Усман Нурмагомедовты ҚОРҒАП ШЫҚТЫ:“Сонг Ядонг Усманға қарай жүгіріп келеді, Усман соқтығысудан сақтану үшін оны тоқтатпақ болады. Ол оны шынтағымен ұрған жоқ, қастандық теорияларын құруды тоқтатайық... pic.twitter.com/XlqXTvmjX7
— Home of Fight (@Home_of_Fight) 29 тамыз, 2026 жыл
UFC-дегі ауыр нокауттан кейін Умар Нурмагомедов мәлімдеме жасады
Шавкат Рахмонов “Махачевтің тізіміне“ енді
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net