Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Август
2026

АҚШ Иранға қысымды күшейтеді: қаржы министрі басқа елдерге ескерту жасады

0
АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон Тегеранға экономикалық қысымды күшейтіп, оны демеп отырған қалған қаржылық және сауда арналарын бұғаттауды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы шенеунік Financial Times басылымына арналған авторлық мақаласында жазды.

"Президент Дональд Трамп пен қарулы күштеріміздің орасан зор қуаты Иранның әскери әлеуетін айтарлықтай төмендетіп, оның ядролық бағдарламасын әлсіретті. Енді біз шешуші кезеңге аяқ бастық. Таң ата экономикалық "Д-күні" басталады - бұл қарсыласқа қарсы жұмылдырылған тарихтағы ең ірі қаржылық шабуыл болмақ", - деп түсіндірді ол.

Оның пікірінше, Америка басшысы Иран экономикасын елдің ұлттық валютасы - риал бұрын-соңды болмаған деңгейде құнсызданып, инфляция рекордтық көрсеткішке жететіндей күйге түсірді.


Президент Трамп Иранның әскери әлеуетін талқандап, оның әскери зауыттарының 100 пайызға жуығын жойды және ядролық бағдарламасын тұралатты.Біз қазір соңғы кезеңге өтіп жатырмыз. Таң шапағымен бірге экономикалық "Д-күні" басталады - бұл қарсыласқа қарсы бұрын-соңды бағытталған ең ірі қаржылық шабуыл болмақ...
- Қаржы министрі Скотт Бессент (@SecScottBessent) 23 тамыз, 2026 жыл

"Иранға қолдау көрсетіп отырған тараптар оның мұнайын сатып алып, тасымалдап жатыр. Олар айырбастау пункттері мен еркін сауда аймақтары арқылы Иранның қаржы ағынын қамтамасыз етіп жатыр. Иран ұшақтарын қабылдап, оның атынан тиісті тізілімдер жүргізеді. Олар отынның теңіз арқылы тасымалдануына және өз банктерінің заңсыз пайдаланылуына көз жұма қарап, өздерінің бұл іске қатысы бар екенін жасырып отыр", - деп жазды министр.

Бессенттің айтуынша, бұл елдер режимді тыныштандыруды қауіпсіз жол деп санайды. Алайда олар мұндай қолдаудың салдарын ескеруі тиіс.

"Тегераннан тыныштық іздеп, өздері қорғаныш күткен режимді қолдауды жалғастырып отырған елдер Американың төзімін тауысты", - деп атап өтті Қаржы министрлігінің басшысы.

Иранмен қалған қаржылық және сауда байланыстарын үзетіндер өз позицияларын нығайта түседі. Олар жаһандық капиталға жол ашып, өз нарығының тартымдылығын арттырады және әлемдік экономикадағы өздері ұмтылған мәртебеге қол жеткізеді, деп есептейді ол.

"Ал Тегеранмен байланысын үзбейтіндер үшін ұзақ мерзімді гүлденудің барлық жолы жабылады. Сенім жоғалған жерде заңсыз қаржылық операциялар белең алады. Әлсіреп бара жатқан режимнің қаржылық күретамырына айналған кез келген мемлекет онымен бірге оқшаулануға дайын болуы керек. Террордың баспанасына айналу - АҚШ-тың көзқарасы бойынша, әлемдік деңгейдегі аластатылған елге айналу деген сөз", - деп жазды Бессент.

Егер Иран Америка күштеріне немесе Парсы шығанағындағы көршілеріне қарсы әскери қимылдар жасаса, Трамп жедел әрі батыл жауап қайтарады, деді ол.

"Әлем мынаны түсінуі тиіс: біздің мақсатымыз - Тегеран толық оқшауланғанға дейін тираниялық режимді демеп отырған барлық маңызды экономикалық арнаны жабу", - деп толықтырды министр.



Иран үшін экономикалық «Д-күні» жақындап қалды https://t.co/GwEYx9tZkY
- Financial Times (@FT) 23 тамыз, 2026 жыл
Еске сала кетейік, 20 тамызда АҚШ президенті Иранға қарсы "ең жойқын экономикалық операцияның" басталғанын жариялаған болатын. Ол Тегеранға көмектесетін кез келген мемлекеттің өзі ауқымды экономикалық салдарға тап болатынын ескертті.
Бұған жауап ретінде Иран егер Таяу Шығыс елдері Тегеранға қарсы АҚШ санкцияларын қолдайтын болса, тек Ормуз бұғазында емес, Парсы шығанағынан мұнай жеткізілетін балама бағыттардағы танкерлерге де шабуыл жасайтынын айтып қоқан-лоқы көрсетті.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net