Сері Бәймен
Сәлмен деген байдың Бәймен деген жалғыз ұлы болады. Бәймен әкесіне біткен өлшеусіз көп дәулеттің арқасында ойына келгеннің бәрін істеп шолжаңдап өсті. Мақтаған сайын дарақылана түсетін мінезін түсінген Шардың жастары оның қасына құмырсқаша үймелейді. Бәймен қасына ерген, ақшасын ішіп-жеген жігіттердің бәрін «адал досым» деп есептейді.
Достары көпшік қойып Бәйменді «Байеке», «Бай-патша» деп атады. «Мырза, сері» деп алдына бастарын иіп келген адамдарды Бәймен ақшамен де, малмен де сыйлап бақты. Бәйменнің істеген істерін әке-шешесі қызық көріп, кызықтаумен жүрді. Ер жетіп, өсіп келе жатқан жас жігіттің келешегінің қандай болатынына ешқайсысы да көңіл бөлген жоқ.
Бәймен жасырақ кезінде балаларға елігіп, орысша бастауыш класты оқып, бітірді....