123ru.net
World News in Kazakh
Март
2020

Новости за 15.03.2020

Қазақстанда 12 жасар қыз баладан коронавирус табылды

Azattyq.org 

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде 12 жасар қыз баланың вирус жұқтырғанын хабарлады.  "Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Ол 2008 жылы туған қыз бала. Қазақстанға Германиядан ұшып келген. Қазірге дейін Алматыда жеті, Нұр-Сұлтанда екі адам вирус жұқтырған" деді министрлік өкілі Диас Ахметшәріп.  Қазақстанда вирус жұқтырғандардың бәрі Еуропа елдерінен келген. Қазір елде екі мыңға жуық адам карантинде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, екі науқастың халі орташа, екеуінің жағдайы орташа ауыр. Читать дальше...

Алматыда коронавирус жұққан науқасты қылмыстық жауапкершілікке тартты

Azattyq.org 

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, коронавирус табылған бір әйел "санитарлық қызметтің жұмысына барынша кедергі келтіріп, айналасында болған адамдар туралы деректерді қасақана бермеген".  Полицейлердің айтуынша, "санитарлық ереже мен гигиена нормаларын бұзғаны үшін" (Қылмыстық кодекстің 304-бап) науқас әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  15 наурыз күнгі дерек бойынша Қазақстанда 8 адамнан коронавирус табылған. 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Қазақстан төтенше жағдай режимінде болады. Читать дальше...

Денсаулық басқармасы: Алматыдағы екі науқастың жағдайы - орташа ауыр

Azattyq.org 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев 15 наурызда түстен кейін коронавирус табылған алты адамның жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, екеуінің жағдайы - орташа ауыр.  "Төрт пациенттің жағдайы - орташа, екеуінің жағдайы - орташа ауыр. Барлығы бекітілген хаттамаға сай емделіп жатыр. Вирусқа қарсы және симптомдық терапия өз уақытында басталды" деді Әбілдаев жексенбі күнгі брифинг кезінде.  Оның айтуынша, қаладағы медициналық мекемелерде қажетті дәрі-дәрмек, қорғану құралдарының бәрі бар. Читать дальше...



Ақтөбеде салымшылар тағы да наразылыққа шықты

Azattyq.org 

Ақтөбеде «қаржы пирамидаларынан» зардап шеккен салымшылар 15 наурыз күні тағы да наразылық білдірді. Тұңғыш президент паркіне қарсы беттегі алаңқайға келген жүздеген салымшы облыс әкімдігі мен полициядан жартымды жауап ала алмай отырғандарын айтып, шағымданды. Ақтөбе қаласының тұрғыны Асқар Қаласов «қайда барсақ та тергеу жүріп жатыр дегеннен өзге ештеңе айтпайды, бұл жауапқа қанағаттанбаймыз» дейді. - Мыңдаған салымшы бір айдан бері полиция мен әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүрміз. Атқарушы... Читать дальше...

Қапшағайда снаряд жарылып, бір адам қаза болды

Azattyq.org 

Қорғаныс министрлігі Қапшағайда қара металл өткізу пунктінде авиациялық снаряд жарылып, бір адам қаза болғанын хабарлады.  "14 наурызда Қапшағай қаласында қара металл өткізу пунктінде жарылыс болды, авиациялық снарядты кеспек болған кезде жарылыс болды деген болжам бар. Жарылыстан металл сұрыптайтын жұмысшы көз жұмды. Пункт иелерінің сөзіне қарағанда 13 наурызда кешкісін белгісіз үш адам (қазір олар ұсталған) металл бөлшегін әкеліп өткізген. Арасында басқарылмайтын бөлшектенген авиациялық снаряд... Читать дальше...

Тоқаев коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жариялады

Azattyq.org 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялады.  "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-не дейін төтенше жағдай енгізілсін" делінген президент жарлығында.  Жарлықта қоғамдық орындар, мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандарда күзетті күшейту... Читать дальше...

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған бірінші адам анықталды

Azattyq.org 

15 наурызда Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан коронавирус табылды. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі агенттігі хабарлады.  "Қазір бұл оқиғаға байланысты эпидемиологиялық зерттеу және профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр" делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.  Бұған дейін Өзбекстан билігі Франция, Испания, Ұлыбритания, Иран, Жапония, Ауғанстан, Италия және Оңтүстік Кореямен әуе қатынасын тоқтатқан.  Өзбекстан -... Читать дальше...

Қызылордада "қаржылық топқа алдандық" деген бір топ салымшы ақшасын қайтаруды талап етті

Azattyq.org 

15 наурызда түс кезінде Қызылордада "Гарант 24 Ломбард" қаржылық ұйымының бір топ салымшысы компанияның аймақтық директорының үйінің алдына жиналып, ақшасын қайтарып беруді талап етті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тергеу амалдары жүріп жатқанын айтып, оларды үйлеріне қайтаруға тырысты.  Қызылорда тұрғыны Ақбота Жамбылқызы "Гарант 24 Ломбардқа" қаңтар айында жеті миллион теңге құйғанын, бірінші айда компания уәде еткен пайыздық үстемақысын бергенмен келесі айда мүлде жоғалып кеткенін айтады. Читать дальше...



Біртанов тағы екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады

Azattyq.org 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 15 наурызда түс кезінде Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. "Бірінші науқас - әйел адам. Инфекциялық стационарда жатқан пациент. Бұрын күйеуінен [коронавирус] анықталып, жақын контакті ретінде оқшауланған болатын. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирустық инфекция табылды. Бұл отбасына жақын контактілердің барлығы оқшауланды. Қазір сол инфекциялық ауруханада" деді Біртанов.  Оның айтуынша, екінші науқас - ер адам 14 наурызда... Читать дальше...

Министрлік коронавирус жұқтырғандар санының өзгермегенін хабарлады

Azattyq.org 

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 15 наурызда таңертең коронавирус жұқтырғандар санының өзгермегенін хабарлады. Осы апта соңында алты адамнан коронавирус табылған еді. Стационарлық карантинде 1425 адам жатыр, 496 адам үй жағдайында оқшауланған.  Министрлік сонымен бірге Қытай және өзге елдерден келген азаматтарды (2083 адам) бақылап отырғанын хабарлады.  Ведомство дерегінше, бұған дейін "жедел респираторлық вирустық инфекция" (ОРВИ) және температурамен 122 адам ауруханаға түскен. Олардың 62-і жазылып шыққан. Читать дальше...

Алматыда "науқастың кейпіне еніп жұртты қорқытқан" адам он күнге қамалды

Azattyq.org 

Алматы метросында "коронавирус жұқтырған науқас адамның кейпіне еніп, жұртты қорқытқан" жігіт қамауға алынды деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.   "Әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде 23 жастағы Алматы тұрғынының метрода жөтел қысқан адамның кейпіне еніп, қайта-қайта жөтеліп, жұртты қорқытқаны, осылайша ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен пранкер он күнге қамалды" делінген полиция хабарламасында.  Ведомство дерегінше... Читать дальше...

Өзбекстан Франция, Испания және Ұлыбританияға қатынайтын әуе рейстерін тоқтатты

Azattyq.org 

Өзбекстан Франция, Испания және Ұлыбританияға қатынайтын әуе рейстерін уақытша тоқтатты. Коронавируспен күрес аясында қабылданған шектеу 14 наурыздан бастап күшіне енеді.  Шектеу шарасы дипломатиялық және қызметтік төлқұжаты бар адамдарға, соңғы 14 күнде осы елдерде болмаған азаматтығы жоқ адамдарға жүрмейді.  Бұған дейін Өзбекстан Иран, Жапония, Ауғанстан, Италиямен әуе қатынасын үзген. Оңтүстік Кореяға ұшатын рейстер санын қысқартқан.  Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарды Үндістан және Таиландқа бармауға шақырған.

Ақ үй дәрігері: Трамптан коронавирус табылмады

Azattyq.org 

АҚШ президенті Дональд Трамптан коронавирус табылмады деп хабарлады Ақ үй дәрігері.  "Кешке жақын коронавирустың расталмағаны туралы дерек алдым" деді дәрігер Шин Конли 14 наурыз күнгі брифинг кезінде.  "Бір апта бұрын Мар-а-Лагода бразилиялық делегациямен ас ішкен президентке вирус жұқпаған" деді ол.  Бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатында Трамппен кездесіп, ас ішкен бразилиялық президент делегациясының құрамындағы үш адамнан коронавирус анықталған еді. Бразилияның Вашингтондағы елшілігінің хабарлауынша... Читать дальше...


Музыкальные новости
Андрей Макаревич

Борис Галкин объяснил истоки поведения Макаревича* и других уехавших артистов





Персональные новости
Желдорреммаш

Улан-Удэнский ЛВРЗ стал участником Всероссийской ярмарки трудоустройства





Мәскеуде полиция бөлімшесінде құқық қорғаушы Лев Пономаревті ұрып-соққан

Azattyq.org 

Мәскеуде "За права человека" қозғалысының жетекшісі 78 жастағы Лев Пономарев ауруханаға түсті. "Интерфакстың" хабарлауынша, Мәскеудегі ФСБ ғимараты алдында рұқсат етілмеген акция кезінде ұсталған Пономарев ауруханаға полиция бөлімшесінен жеткізілген. Дәрігерлер одан "ми шайқалу" белгілерін тексеріп жатқанын хабарлады.  Ауруханаға жатқызу туралы шешімді жедел жәрдем қызметінің өкілдері қабылдаған. Дәрігерлер бірнеше жыл бұрын Пономаревтің инфарктіге ұшырағанын ескерген. Бұл туралы оның адвокаты Василий Кушнир айтты. Читать дальше...

Спорт в России и мире
Москва

Сотрудники Росгвардии приняли участие в чемпионате Центрального округа по боксу.


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Уимблдон

Рыбакина призналась, что её жизнь сильно изменилась после победы на Уимблдоне


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Швеция хочет ограничить доступ в Балтийское море российским танкерам





Путин в России и мире
Москва

Путин 22 апреля проведет в Москве переговоры с президентом Азербайджана Алиевым


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко сравнил Всебелорусское народное собрание с «пустотой»




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Ru24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Захарова: Западу неинтересны планы Киева по атаке на Крымский мост


Навальный в России и мире
Москва

В Москве арестован на пять суток историк-публицист Сергеев за пост памяти Навального



Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Татьяна Рязапова

Если ты не поступил в колледж или вуз



Москва

Трассу М-12 подготовят к майским праздникам и лету

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net