Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр
Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бірлесіп, COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті.
«Біздің ұйымдарда жинақталған тәжірибе баршылық. Заманға сай ғылыми база да бар. Өндіріс технологияларын дамытып, сынақтан өткізіп, шетелдік баламалардан тиімділігі кем түспейтін отандық дәрі-дәрмекті әзірлейтін мамандар жұмыс істейді», - деп мәлім етті ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтынан.
Мәселен, қаңтар айының соңында Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары COVID-19 коронавирусын 6 күннің ішінде анықтайтын тест жүйесін ойлап тапқан. Қазақстандық тест жүйесінің тиімділігі мен өткір сезімталдығы ресейлік және қытайлық диагностикалық диагностикумдардан кем еместігі анықталған.
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық...