Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2020

Қазақстанда коронавирус туралы тараған 7 жалған ақпарат

0
Қазақстанда коронавирус туралы тараған 7 жалған ақпарат

Елде коронавирус жұқтырғандар саны артып, төтенше жағдай жарияланған кезде желі қолданушылары түрлі ақпарат таратып жатыр. Бірі Түркістан облысында коронавирус табылды десе, екіншісі тараздық әйел вирус жұқтырған деп дүрбелең салды. Тіпті, Қазақстанда коронавирус жұқтырған үш адам қайтыс болды деген де хабар тараған. Бірақ оның бәрі жалған екені анықталды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты соңғы фейк-жаңалықтарға шолу жасады.

"Балаларымен жүрген ата-аналарға айыппұл салынады" - ФЕЙК

WhatsApp мессенджерінде Талдықорғандағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынғаны туралы ақпарат тараған.

Бұл жазба суреттің үстіне жазылған. Суретте полицейлердің ойын алаңында тұрғанын байқауға болады. Бір полицей көлік қасында хаттама толтырып жатқанға ұқсайды.

Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Оқиға 17 наурызда облыс орталығының Жаңа ғарышкер шағын ауданында болған. Сағат 17:00 шамасында қалалық полицияға 2009 жылы туған жасөспірімнің ата-анасы хабарласып, жарты сағатқа далаға ойнауға кеткен баласының әлі оралмағаны туралы айтқан. Ата-анасы алаңдаушылық танытқан соң, аталған үйдің ауласына патрульдік полицейлер жеткен. Баланы іздеу жұмыстарына сол аумақтағы жаяу патрульдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары алдымен сол аумақты және жақын маңды толық тексеріп шықты. Кейінірек жасөспірім үйіне жақын маңдағы 7 шағын ауданнан аман-есен табылды. Ол ойынның қызығымен жүріп, үйінен алыстап кеткеніне мән бермеген екен", - деп хабарлады Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

"Нұр-Сұлтанда тікұшақпен дәрі-дәрмек себіледі" - ФЕЙК

Нұр-Сұлтанда карантин енгізілетіні туралы жаңалық шыққан соң әлеуметтік желілерде тағы бір ақпарат тарады. Онда елордада дезинфекция жүргізу үшін түнгі уақытта дәрі-дәрмектер себілетіні туралы жазылған.

"Бүгін сағат 23.00 мен таңғы 5.00 аралығында қалада дезинфекция жүргізу үшін тікұшақтан дәрі-дәрмектер себіледі. Барлық терезе мен балкон жабық болуы тиіс, сағат 23.00-ден кейін далаға шығуға болмайды. Әскери бөлімдегілер осылай деді", - делінген хабарламада.

Бірақ бұл расталмаған ақпарат болып шықты. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.

"Дезинфекция жасайтын ұрылар" - ФЕЙК

WhatsApp мессенджерінде карантинге қатысты аудиожазба тарала бастады. Онда тұрғындардың үйіне дезинфекция жасаймыз деп, газ баллонымен улап, үйді тонап кететіндер шыққаны баяндалады.

Полиция мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

"Бұл жалған ақпарат. Жалған ақпараттарды жасаушылар қоғамға негізсіз дүрбелең мен қорқынышты тудыруды мақсат қылғаны анық. Осыған байланысты біз бұл жалған хабарламаның авторлары анықталып, жауапқа тартылатынына сенімдіміз", - деді Алматы полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"Алматыда коронавирус ошағы табылды" - ФЕЙК

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Алматы қаласында коронавирус жұқтыру ошақтары табылғаны туралы ақпарат шықты. Онда Бағанашыл және Алтай-1 мөлтек аудандары, Гоголь мен Сейфуллин, Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысы, "Сұңқар" тұрғын үй кешенін "қауіпті" аймақтар деп аталады.

Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған адамдар тұратындардың мекен-жайы да жазылған.

Фото ©Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әсет Мұқажанов бұл ақпараттың жалған екенін айтты. Ол ресми ақпараттардың алдағы брифингте айтылатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Алматының бірнеше үйі қоршауға алынған. Бірақ ол жақта коронавирус жұқтырғандар табылды деген ақпарат болмады.

"Таразда коронавирус анықталды" - ФЕЙК

Желіде Таразда коронавирус анықталды деген хабарлама тараған. Бұл ақпарат та фейк болып шықты.

Жамбыл облысының әкімдігі тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірген. Әкімдіктің хабарлауынша, қалада коронавирус тіркелген жоқ, бірақ карантинде жатқандар бар екен.

"2020 жылдың 16 наурызында таяуда Италияда болып қайтқан Мәскеу-Тараз бағытының жолаушысы карантинге жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы мен вирустың басқа белгілері болмады. Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус тіркелген жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта Тараз әуежайында ішкі рейстермен ұшып келген жолаушылар тексеріліп жатыр.

"Түркістандық әйел коронавирус жұқтырды" - ФЕЙК

Дәл осындай хабарлама Түркістан жұртшылығын да шошытты. WhatsApp мессенджерінде Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат тараған. Келес аудандық полиция бөлімшесі осы хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.

Тексеру барысында белгілі болғандай, "вирус жұқтырған" әйел 10 наурызда Мәскеу - Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келген. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы пәтеріне үй жағдайындағы карантинге жатқызған.

Қазіргі уақытта әйел амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Одан коронавирус анықталмаған.

Ал 18 наурызда осы жалған ақпаратты таратқан адам ұсталған. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз әрекетін толық мойындап, қылмыс жасағанына өкінетінін айтқан.

"Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды" - ФЕЙК

Соңғы уақытта ел арасында тағы бір хабарлама тарады. Бұл жолы белгісіз біреулер Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды деп айтқан.

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы хабарламаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл ақпарат жалған.

"Коронавирус инфекциясы әлемнің  160 елінде тарады. Қазақстанда 49 адам жұқтырды. Қазір вирустан қайтыс болғандар туралы түрлі фейк хабарламалар тарап жатыр. Қазақстанда коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ", - деді Тоғжанов "Хабар 24" телеарнасында көрсетілген брифингте.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 56-ға жетті.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Около обновленных поликлиник создано более 600 зон отдыха


Спорт в России и мире
Москва

В Москве презентовали медали и экипировку VIII игр «Дети Азии»


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Прямая трансляция матча Елены Рыбакиной против экс-первой ракетки мира на «Ролан Гаррос»


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Июнь в Москве начнется с аномально жаркой погоды





Путин в России и мире
Москва

Ташкент становится для Москвы точкой опоры – Астана проигрывает, уходя под Запад


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Зеленский: после «заморозки» конфликт опять вспыхнет


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Сергей Лазарев

Певец Сергей Лазарев купил квартиру для диско-бабушки в Сыктывкаре



Москва

Дочь Запашнова получила перелом после падения с лошади. Видео

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net