Оңтүстік Корея коронавирусқа байланысты 1 «А» санатындағы елге жатқызылуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея коронавирус инфекциясы көп тіркелген елдердің қатарында болғандықтан бірінші «А» санатына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.