Барлық дерлік өңірде сенбі жауын-шашынсыз болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 ақпан күні де Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.