Дмитрий Баландин Қытайдағы Сhampions Swim Series турнирінің екінші маусымына қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14-16 қаңтар күндері Қытайдың Шеньчжэнь қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымы басталады. Турнирге қатысушылар арасында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де бар, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.