"Миымды улап тастады". Сирияда ИМ террор тобында болған, кейін елге оралған жігіттің хикаясы
2019 жылы қыркүйекте Қарағанды облысында сот Николай Лазаренконы "Ислам мемлекеті" террор тобының қызметіне қатысқаны үшін сегіз жылға түрмеге қамауға үкім етті. Лазаренко Қазақстанға 2019 мамыр айында "Жусан" операциясы аясында жеткізілген. Ол екі жарым жылын соғыс аймағында өткізген соң, Қазақстан билігінің қолына берілген. Азаттық тілшісі Лазаренкомен сөйлесіп, Сирияға қалай кеткенін, туған елге қалай оралғанын сұрады.