Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2020

Алматы облысында алты айлық сәби көтерген ана жоғалып кетті

0
Алматы облысында алты айлық сәби көтерген ана жоғалып кетті

Ақмарал Қалдыбаева осыдан үш ай бұрын бөбегін алып, үйден түнгі уақытта шығып кеткен. Ол туғандарына қайда бара жатқанын ескертпепті. Артынан лезде шыққан ағалары қыздан бас-аяғы 5 минуттың ішінде көз жазып қалған. Жас ананы таппай қиналған отбасы енді халықтан көмек сұрайды. Сергелдеңге түскен Ақмаралдың туыстары көрген-білгендердің іздеуге көмектесуін сұрайды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

67 жасқа келген көпбалалы ана Күлән Серботаева 3 айдан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Себебі, қараша айынан бері туған қызындай болған тұңғыш немересін шарқ ұрып іздеп жүр. Әжейдің сөзінше, 22 жастағы Ақмарал Қалдыбаева өз қолында өскен. Мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түсе алмапты. Кейін Алматы облысына қарасты Көлді елді-мекеніндегі тауық фермасына жұмысқа кірген. Сонда Құлмұратов Кеңеспен танысып, араларында сезім пайда болыпты. Азаматтық некеден Рашит есімді сәби дүниеге келген.

"Бір жігітті тауып алды да, соған күйеуге тиді. Алып қашып кетті ол. Бір жылдай бірге тұрды. Шамалған станциясы жақта. Мал бақты. Қызымның аяғы ауыр болғаннан кейін екеуі қайтып келді осы жерге. Тұратын жерлері жоқ. Жігіт "ешкімім жоқ, жетіммін" деген соң, бірге тұруға рұқсат бердім", - дейді Ақмарал Қалдыбаеваның әжесі Күлән Серботаева.

Жас отбасы аяққа тұрып кетсін деген әжесі оларды үйге кіргізген. Тек күйеу баласының жұмысқа құлқы, іске мүлде икемі болмады деп отыр. Оның үстіне, жиі ішетін көрінеді. Соңғы уақытта жұмысқа тұрақтамай, табыс таппай жүрген. Сондықтан, қыз жоғалған түні Кеңеске ақылын айтып, біраз сөзбен сыбап алыпты. Әжей Ақмарал соған ренжіп, кетіп қалды ма деп уайымдайды.

"Осы жерде отырып мен күйеу балама "Сен қалай ойланбай жүре бересің?! Балаң бар. Не жұмыс істемейсің. Істесең де болмашы ақша табасың да, оны ішіп қоясың. Қалай отбасы боласыңдар? Қалай сен бала бағасың?" деп ұрыстым. Сол күні ол үйге түнде сағат 1-2-де келді. "Қайда жүрсің?" деп айғайлап ұрыстым. Бір уақытта қарасам, қызым шығып бара жатыр. Енді тұрып "қайда бара жатырсыңдар?" дейін десем, жүре алмаймын", - деді Ақмарал Қалдыбаеваның әжесі Күлән Серботаева.

Сол ескертпей кеткен күннен бері бақандай 3 ай өтті. Одан бері 3 айлық болған шөбересі Рашит қазір 6 айға толған. Артына қарамай кеткен Ақмарал мен күйеубаланың содан бері телефон нөмірлері сөндірулі. Әжесі сонда да үміт үзбей, жиі-жиі хабарласады. Қарашадан бері келеді деумен жүрген отбасы бүгін Қарасай аудандық полиция басқармасына барып, өтініш жазды.

"22 жастағы қыздың жоғалғаны туралы полицияға өтініш келіп түсті. Және Қарасай аудандық полициясында ресми тіркелді. Алдын-ала тергеу барысында қыздың жақындарымен ұрысқанның кесірінен үйден кеткені анықталып отыр. Қазіргі таңда іздеу жұмыстарымен аудандық полициядағы із кесушілер айналысуда. Және қыздың суреті және айрықша белгілері жазылған бағдар полицияның әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылды. Және барлық полиция учаскелеріне жіберілді", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Ақмаралды іздеуге қатысты шараларға Алматы облыстық полиция департаментінен бөлек, еріктілер тобы да жұмылдырылмақ. Енді қайғырған туыстары халықтан көмек сұрап, жас ананы көрген-білгендер болса төмендегі нөмірге хабарласуды сұрайды.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день


Спорт в России и мире
Москва

Пензенские регбистки выиграли первенство России


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублёв в трёх сетах обыграл Маркоса Гирона и вышел в третий круг «Мастерса» в Риме


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Суд обязал оператора Пулково улучшить защиту от птиц. Тот намерен обжаловать решение





Путин в России и мире
Москва

Эксперт Президентской академии в Санкт-Петербурге о перспективном развитии соцполитики государства


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко надеется на восстановление транспортных маршрутов с Израилем




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Мечтающего по победе Киева Макаревича* проверят на экстремизм


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Алла Пугачёва

Исполнительницу Аллу Пугачеву на официальном уровне признали в Израиле



Москва

Главстройнадзор проверил строительство ЖК в Домодедове

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net