Қазақстанның 9 облысында жол жабық
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 7429 шақырымды құрайтын 61 жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 29,8% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.