Ердің сыры
... 1914 жылдың жаңылмасам, ғыйнуар кезі болу керек. Біраз үй көшіп, осы күнгі 12 шахтаның бастығы Егеубаев Оспанның бастауымен Құмдыкөл зауытынан Қарағандыға келдік. Анда-санда бір жерде қалқиған төрт-бес үй бар, Герберт Джим /Қызыл шахта/ деген екі-үш шахталары бар. Гудок берсе бұлардың пысылдап үні шықпайды. Будақтаса трубасынан түтіні шықпайды, шақырым ұзасаң, қарасыны көрінбейді. Не болмаса, мәз болып масайраған, шат көңілді адамы көрінбейді. Иә үйден, иә шахтадан екенін білмейсің, тышқан сияқты, іннен жорғалап шығып келе жатқан адамдарды көресің. Міне, Қарағандының сол кездегі көлемі, күші, құрылысы осы еді.
Осы күнгі 1-шахтаның орнында сол кезде қазақтар «Қызыл шахта» деп атайтын болды. Соған келіп жұмысқа...