Қасқыр
Ықыластың жастау кезінде әкесі Дүкен өзімен бірге Қоянды жәрмеңкесіне ертіп барыпты дейді. Онысы, ел көріп, жер танысын деген әкелік қамқорлығы болса керек.
Арқадағы Мұңлы, Қулы тауларын жайлап отырған тамалардан шыққан жолаушы Қоянды жәрмеңкесіне бару үшін жолай сайдалы, тоқа, тарақты, карсон, керней руларының жерін басып өтеді. Бұл жерлерді Желтау, Ақтау, ортау, Қызылтау, Бұғылы, Тағылы деп аталатын Арқаның сиыртаңдай, қатпарлы таулары алып жатыр. Алыстан жатаған болып көрінгенімен, бұл таулардың қолтық-қойнауы аңғарлы, тал, терек, қайың,
мойыл сияқты ағаштары ұйыса біткен, қалтарысы мол. Мұның өзі сол заманның жол торыған ұры-қарысына, барымта-сарымтасына таптырмайтын мекен болғандай.
Содан, Дүкен мен Ықылас әкелі-балалы болып, Қоянды жәрмеңкесінен ырғалып-жырғалып қайтады...