Арман (ІІІ нұсқа)
Мергенбай он алты жасында батыр атаныпты. Ол былай болған екен.
Текес өзенінің ар жағында отырған қалмақтар бер жағындағы қазақтардың малын шауып, қыздарын ұрлап, қайта-қайта мазасын ала беріпті.
Ердене асқан бай екен. Жылқысы Сырт жайлауда жататын көрінеді.
Бес жүз кісі қол жинап, қалмаққа шабуыл жасамақ мақсатпен сол Сыртта ат үйретіп, ұрыс, шабыс, атысқа дайындалады. Солардың ішінде Мергенбай да бар екен. Әкесі оны сырт көзден тасада ұстапты. Тілден, көзден сақтағаны болса керек. Бірақ бала Мергенбай әкесінің рұқсатынсыз бес жүз адаммен бірге қалмаққа аттанады.
Әуелі ежелгі ұрыс әдісі бойынша жекпе-жекке жол беріледі. Алғашқыда бес жүз кісіден қырық адам алға шығады. Соңында сол қырық...