Қайсысы тартымды?
Кедейлік пен Байлық бір кісіге келіп:
— Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз, — деп сұрапты.
Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып маған қолын бір-ақ сілтейді», ал Байлықты тартымды дейін десем, Кедейлікті ренжітіп алам, ол сосын менің зықымды шығарады ғой».
Аз-кем ойланып, былай депті:
— Екеуің тап осылай қатарласып тік тұрғанда мен ештеңе айта алмаймын. Қане, жүріс-тұрыстарыңды көрейін, бір айналып өтіңдерші.
Кедейлік пен Байлық ерсілі-қарсылы жүре бастапты.
Оларға қарап тұрып адамның айтқаны:
— Кедейлік сен кетіп бара жатқанда, ту сыртыңнан қарасам, қандай тамашасың. Ал Байлық, сен келгенде... өзіңнен асатын не бар!?
Бүгін Байлық есігімізді келіп қағып...