Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл
Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған. Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты:
— Қалай, саған сапарымыз ұнады ма?
— Әке, бұл бір ғажап болды!
— Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? — деп сұрапты әкесі.
— Иә, көрдім.
— Ал осыған қарап не ұқтың?
Ұлының жауабы:
— Біздің үйде бір итіміз болса, олардың төрт төбеті бар екен. Бақтың ортасында біздің хауызымыз болса, олардың ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін...