Рухани баюдың 8 тәсілі
Кез-келген кітаптың ішкі әлеміне үңіле білу-үлкен өнер.Кітап-айнымас жолдасыңыз, бағалы құндылығыңыз, рухани байи түсудің өзгермес шарты.Жан дүниеңізге жақын әдеби туындыны таңдау-ғұмырыңызға жаңа леп кіргізеді.Кітап оқудың да өзіндік қағидалармен танысыңыз:
1.Қалауыңызға қарай әлем әдебиетімен немесе төл туындылармен сусындау.
Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз.Сізге ләззат пен пайда әкелмейтін кітаптарды оқуды доғарыңыз.Адамдар кітаппен достасу арқылы естен кетпес саяхат жасай алады.Әрине, бұл өзіңізге ұнаса ғана.Дегенмен, байқап көріңіз.
2.Кітап оқуға арнайы уақыт бөліңіз.
Бұл үшін сіз жоспармен жүруді әдетке айналдыруыңыз керек.Бір күндік уақытыңызды жеке бөлікке бөліп, 2 сағатты кітап оқуға арнаңыз.Орташа есеппен алғанда, осы арқылы сіз бір айда 2 немесе 3 кітапты оқып, тауыса аласыз.
3.Оқыған шығармаңызбен бөлісіңіз....