Пәкістан президенті, премьер-министрі және СІМ басшысы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістанның Президенті мен премьер-министрі және сыртқы істер министрі кеше Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Пәкістан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.