Асқар Мырзахметов тараздық тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы қордаланған мәселелерді уақыт созбай шешу үшін түбегейлі зерделеу мен жүйелі жоспар қажет. Бұл туралы облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов партияның Тараз қалалық филиалында өткізген қоғамдық қабылдауында баса айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.