123ru.net
World News in Kazakh
Декабрь
2019

"Маған тек бейбітшілік керек". Зеленский Путинге не деді?

0

Бүгін түнде Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет кездесіп, келіссөз жүргізді. Олар Париждегі "Норман төрттігінің" кездесуінде танысты. Ресей, Украина, Франция мен Германия басшыларының кездесуі бес сағатқа созылған. Tengrinews.kz тілшісі Путин мен Зеленскийдің алғашқы кездесуінде не мәселе көтерілгені және бұл кездесуге неге көп елдің назары түсіп отырғанына, шетел БАҚ-тары қалай жазып жатқанына шолу жасайды. 
"Норман төрттігі" деген не?

"Норман төрттігі" құрамында төрт ел бар - Франция, Германия, Украина, Ресей. Бұл формат 2014 жылы 6 маусымда франциялық Нормандияда осы төрт елдің келісімімен құрылған. Францияның сол кездегі президенті Франсуа Олланд Қырымдағы жағдай мен Украинаның шығысындағы соғыстан соң бітімгерлік миссиясын бастаған.
Ол Германия канцлері Ангела Меркельден қолдау алып, Ресей президенті Путинді салтанатты шараға шақырған. Украинаның сол кездегі президенті Петр Порошенкоға да шақырту жіберілген.
"Норман төрттігі" құрылғаннан кейін мемлекет басшылары, сыртқы істер министрлері бірнеше рет кездесу өткізген. Ең ұзағы 2015 жылы Минскіде болды. Сонда президенттер мен министрлердің кездесуі 17 сағатқа созылған.
Төрт елдің басшылары әр кездескен сайын Украинадағы жағдайды, митингілер мен әскери операцияларды талқылайды.
Париж бен Киевтегі шерулер кедергі болмады

Төрт елдің басшылары соңғы үш жылда алғаш рет кездесіп отыр. Бұл кездесу басқалардан маңыздырақ болатын. Себебі Путин мен биыл Украина президенті болып сайланған Владимир Зеленский алғашқы рет кездесті.
Парижде митинг жалғасып жатса да, Елисей сарайының алды тыныш болған. Ал сол сәтте Киевте президент кеңсесінің ғимараты алдында белсенділер акция өткізіп жатты. Олар Зеленскийдің Путинмен кездесуіне қарсы болған.
Киевтегі белсенділер акциясы. © РИА Новости
Ал ұйымның төрт мүшесі биылғы кездесуде басты талқыланатын мәселелердің бірі газ екенін бірден аңғаруға болады. Себебі Парижге Зеленскиймен бірге "Нафтогаз Украины" атқарушы директоры Юрий Витренко, Путинмен бірге "Газпром" басшысы Алексей Миллер мен Ресей энергетика министрі Александр Новак келген.
Зеленскийдің келеңсіз жағдайы

Бұл Зеленскийдің "норман төрттігінің" кездесуіне алғаш рет қатысуы болғандықтан, дипломатиялық тұрғыда түсініспеушіліктер болды. 
Кездесудің төрт мүшесі мәжіліс залына өткен кезде Зеленский Путинге арналған креслоға отыра жаздаған. Monsieur Poutine жазуы бар креслоға Ресей президенті жақындағанда Зеленский ыңғайсызданып, үстелдің басқа бөлігіне ойысты. Зеленский өз орнына отырып, бірден қолына су алды.

Артынша тағы бір келеңсіз жайт болды. Орнына отырған Украина президенті журналистерге қарап суретке түсу керек екенін түсінбей қалды. Зеленскийге Макрон мен Путинге қарауға нұсқау берілді.
Сонымен қатар, ресейлік журналистер Париждегі саммитте Владимир Зеленскийдің сөзі орыс тілінде қолмен жазылғанын аңғарып қалған. Украина президентінің "шпаргалкасын" Кремль пулының тілшісі Дмитрий Смирнов суретке түсіріп алған.
© Дмитрий Смирнов/Twitter
Төрттік қандай келісімге келді?

Ресей мен Украина президенттерінің келіссөзі бір сағаттан аса уақытқа созылған. Осы келіссөздер кезінде бірқатар мәселе шешілді.
"Пікірталасқа бай кездесу болды" деді Франция президенті Эммануэль Макрон саммит біткен соң журналистерге. Саммит қожайыны соңғы бес жылда Украинаның шығысындағы қақтығыс салдарынан 13 мың адамның қаза тапқанын, бұл "Еуропаның ашық жарасы" екенін айтты. 
Ал Ангела Меркель нақты келісімдер жайлы сөз қозғады: атысты тоқтату, күштерді ажырату, миналарды алып тастау. Келісім бойынша, 2020 жылдың наурызына дейін Луганская станицасында осы процесс басталуы керек. Тапсырмалардың бірі - аймақты 12 сағат емес, ОБСЕ-нің көмегімен 24 сағат бойы бақылау.
Саммит барысы. © РИА Новости
Ал тараптар газ мәселесіне қатысты әлі нақты шешімге келмеген. Бірақ Зеленскийдің сөзінше, ресейлік газдың транзитін тиімді келісімшарт бойынша созуға мүмкіндік бар екен.
"Нақты айта алмаймын, бірақ келісімге жақсырақ шарт бойынша қол қоятын мүмкіндік көп. Мен Украина мен Еуропа үшін әлдеқайда тиімді шарттарға қол жеткізуге тырыстым, бұл бір емес, он жылға жасалады", - деді ол.
"Маған бейбітшілік керек"

Саммитке барған украиналық журналист Дмитрий Гордонның дереккөздері бойынша, Зеленский Путинмен кездескенде есімдеріндегі соңғы буынға көңіл бөлген - "мир", яғни, "бейбітшілік". "Маған тек бейбітшілік керек", - деген Зеленский.
Зеленский кейін журналистерге шыққанда да бейбітшілікті қалайтынын айтты. Сондықтан 2019 жылдың соңына дейін атысты тоқтату - бірінші келісім.
Путин болса Зеленскиймен тет-а-тет кездесуіне "жақсы, көңілім толады" деген баға берген. Кейін  ол келісімдердің қазірден бастап қарапайым халыққа көмектесуі керек екенін басып айтты.
"Қазір біз үлкен жобалар мен гуманитарлық мәселелер туралы айтып жатырмыз. Бірақ сол жақта тұрып жатқан қарапайым халықты ұмытпауымыз керек. Біздің барлық келісіміміз олардың өмірін болашақта емес, қазір жақсартуы қажет", - деді Ресей президенті.
Саммитті француз басшысы Макрон қорытындылады: "Бүгін ерекше келісімдер болған жоқ, бірақ жақсы саммит өтті". Енді төрттіктің жаңа саммиті төрт айдан кейін өтеді.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

«В ближайшие регионы»: Собянин анонсировал продление МЦД до четырёх областей


Спорт в России и мире
Москва

Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
ATP

Даниил Медведев обыграл Гаэля Монфиса и вышел во 2-й круг турнира ATP-500 в Пекине


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Собянин посоветовал москвичам пересаживаться на электромобили





Путин в России и мире
Москва

Рябков: Россия фиксирует реакцию Запада на изменения своей ядерной политики


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

«Россия за нас втягивается…» Лукашенко грозит НАТО ядерным оружием




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Певица

Певица Натали Орли вернулась к истокам



Москва

Многие финны искренне уважают Россию, заявил посол РФ

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net