Шөлдеген шағала
Таңат бүгін ұйқыдан әдеттегісінен ерте оянды. Кешегі таңырқатқан ахуал түнемелік ой қудалауына салып, мазасын кетірді. Сумаңдаған сұрақтар түн түнегін түрген отшашулардай әбден алаңдатты. Балалық әуестікті тіршілік тәжірибесінің тақуа тұспалы тырп еткізбей тұмшалап тастады.
Түс әлетіндегі тосын жәйт мұның жұдырықтай жүрегіне шым-шымдап күш түсірді. Шілденің ми қайнатар аптабы қыбырлағанды көлеңкеге тықсырған. Күннен қорғайды деп көйлек-шалбарын, телпегін де бірыңғай ақ түстен киінгені жағдайды жеңілдеткен жоқ. Жүзі алаулап, маңдайы тершіп кәдімгідей ентіге бастады.
Қалқасы бар сәкі ернеуіне жайғаса бергені сол — кенет көктен сорғалаған ақ бауыр шағала сарай мен қора аралығындағы қуысқа қойылған су толы ваннаға күмп берсін. Сол қалпы шойын жақтауына соқтыға-моқтыға...