Фантастикалық әңгіме
өз қиялынан туған
Бұл әңгіме он бес жасар Хамит жайлы. Хамит анасының қолында өскен жасөспірім жігіт. Кәрі анасы жұмыс жасауға қауқары жоқ болғандықтан, Хамит анасына қолынан келгенше көмектесуге тырысатын. Хамиттің сырт келбеті пәлендей сымбатты емес, үлкен көкшіл көзді, бұйра шашты, ұзын бойлы. Оның мінезіне келсек көп сөйлемейді, сабырлы, арманшыл болды. Хамит анасымен үлкен үйде тұратын. Екеуі өз күндерін өзі көріп жүрді. Бірақ Хамит ылғи ерекше нәрсені қалайтын. Ол өзі ержетіп қалса да таңғажайып ертегілерге сеніп, әлі күнге дейін «ертегілер әлеміне барсам» деген орындалмас арманмен өмір сүріп келе жатты.
Бір күні Хамит ерекше түс көреді. Түсінде бұл әлемді емес, өзге таңғажайып әлемді көреді....