Президент футзалдан Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ойынды тамашалауға келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келді, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.