Баку Таулы Қарабақты қайтарып алғанын мәлімдеді. Әзербайжан неліктен дәл қазір шабуылға барды?
21 қыркүйекте Әзербайжанның Евлах қаласында Бакудегі орталық үкімет пен Таулы Қарабақтағы жікшілдер келіссөз өткізбек. Екі күн бұрын Әзербайжан қайтадан шабуылға шыққан соң көп ұзамай жікшілдер соғысты тоқтату туралы келісімге келген. Сарапшылар Баку бейбіт келіссөздің баяу жүріп жатқанына наразы болды және Ресей немесе Батыс тарапынан айтарлықтай қысым болмайтынын біліп, күшке жүгінді деп есептейді.