Қазақстанда алғаш рет бір жарым жасар балаға бауыр обырына бірегей әдіспен ота жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес балалардағы бауырдың онкологиялық ауруларын емдеудің кешенді тәсілінде химиоэмболизация әдісі педиатриялық практикаға енгізілді. Бірінші операция бір жарым жасар қызға жасалды. Операция шамамен екі сағатқа созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ ресми сайтына сілтеме жасап.