СҚО-да ауылға барған дәрігерлердің көтермеақысын ₸5 млн дейін көтеру ұсынылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 183 дәрігердің орны бос тұр. Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін денсаулық сақтау басқармасы бірреттік көтермеақыны 5 млн теңгеге дейін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.