Алматыдағы КВИ-ден емдеуге арналған аурухана бос тұрған жоқ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясын емдеуге арнайы салынған 500 төсектік ауруханада қазір маусымдық инфекция мен мононуклеоз, шанақ, бруцеллез жұқтырғандар емделіп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.