Бішкек жараланған қырғыз азаматына байланысты Қазақстан елшісіне нота тапсырды
21 қаңтарда Қырғызстан СІМ Қазақстанның Бішкектегі елшісін шақырып, Шолпонбек Сыдықовтың жағдайына қатысты нота тапсырған. Бұл жөнінде Kaktus media сайты хабарлады. Шолпонбек Сыдықов – қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ұсталып, екі аяғы мен қабырғасы сынған қырғыз азаматы. Өзінің айтуынша, полиция оны 8 қаңтарда Алматыдан Бішкекке бара жатқан жерінен ұстап, кейін ұрып-соққан. Нотада қырғыз тарабы Қазақстан құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне алаңдаушылық білдірген. Читать дальше...