Оппозициясыз таңдау. Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттарды сайлап жатыр
Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау бюллетеніне билікті қолдайтын бес партия – Қазақстан халық партиясы, "Нұр Отан", "Ауыл", "Ақ жол" және "Адал" енгізілген. Оппозициялық күштер сайлауға қатысты түрлі тактика қолданып отыр.