Шымкенттік белсенді біреулердің көлігіне иттің басын тастап кеткенін айтады
Шымкенттік белсенді Нұржан Мұхаммедов белгісіз біреулер көлігінің терезесін шағып, жүргізуші орындығына иттің басын тастап кеткенін айтты. Белсенді полицияға шағым түсіргенін жеткізді. Шымкент қалалық прокуратурасы осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын, күдіктілер іздестіріліп жатқанын хабарлады. Белсендінің сөзінше, «19 қараша түнгі сағат 00:30 шамасында сыртқа шыққанда көлігі бүлінбегенін байқаған. Таңертең балаларын мектепке алып бару үшін көлігін от алдырмақ болғанда ішінде иттің басын көрген». Читать дальше...