Кинематография: Қазақ көрермені өз өнімдерімізді көргісі келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта ел Парламенті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет әзірленген «Кинематография туралы» заң жобасын талқылап жатыр. Мамандар өз кезегінде кинематографияның дербес тынысын ашатын мәдениет саласындағы алғашқы заң деген баға беріп жатыр. Осы орайда өте күрделі әрі ауқымды заң жобасы ұлттық киноның ары қарай дамуы жолында түбегейлі өзгерістер алып келеді деген мақсат пен міндет белгіленді.