Қасқырды тірідей сатпақ болған шығысқазақстандыққа айыппұл салынды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің іргесіндегі Ушан ауылының тұрғыны қасқырдың құртқасын (ұрғашы - авт.) тірідей сатпақ болған. Табиғат қорғау инспекциясы хабарландыру иесіне айыппұл салып, ісін сотқа тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.