Маңғыстау облысында құтыру фактісі 5 малда ғана расталған
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында малдың құтыру фактілері бойынша 5 дерек анықталды. Оның екеуі - Жармыш ауылында, үшеуі - Қарақия ауданында. Бұл туралы 16 ақпан күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді.