Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақтаудағы мектептердің құрылтайшысы әйелінің әрекетін түсіндіріп, жалақы кешіктірілгенін мойындады

0

"Тұлпар" және "Ақтау зияткерлік мектебі" жекеменшік мектептерінің құрылтайшысы Халеф Челик әйелі еден жуушының шелегін теуіп жібергені түсірілген видеоға, сондай-ақ бұрынғы мұғалімдердің жалақының кешіктірілуіне қатысты шағымына түсініктеме берді.
Кәсіпкер әйелінің әрекетін техникалық қызметкермен арадағы жанжалмен, ал жалақының кешіктірілуін мемлекеттік қаржыландырудың болмауымен түсіндірді. Бұл ретте ол штаттан тыс қызметкерлердің кейбірі еңбекақысының жартысын ғана алғанын мойындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясы жарияланымдардан кейін Халеф Челиктің өзімен сөйлесті. Әңгіме барысында ол еден жуушымен жанжалға қатысты өз нұсқасын айтып, әйелінің әрекетін түсіндірді және бұрынғы қызметкерлерге төленетін жалақы мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, кейбір қызметкерлер әлі күнге дейін жалақысының қалған бөлігін күтіп отыр.
"Өзіңізді әйелімнің орнына қойып көріңізші"
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде айтылған "Тұлпар" мектебіндегі оқиға 16 қазанда болған. Тараған видеода мектеп құрылтайшысының әйелі Зухра Челик еден жуушы пайдаланып жүрген шелекті теуіп жіберіп, су еденге төгіледі. Халеф Челик өз түсініктемесін оқу орнының техникалық қызметкерлерін айыптаудан бастады.
Директордың әйелі еден жуушының шелегін теуіп жіберген: Ақтаудағы мектепте дау шықты
Оның айтуынша, бұған дейін мектепте тазалық жұмыстары жүргізілгеннен кейін кейбір заттар жоғалып кеткен көрінеді. Кәсіпкердің сөзінше, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көргеннен кейін еден жуушылар болған жағдайды мойындаған. Алайда сол кезде мектеп басшылығы құқық қорғау органдарына жүгінбеуді ұйғарған.
Челиктің айтуынша, оқиға алдында әйелі еден жуушыдан директордың кабинетін жинап, шаңын сүртуді сұраған. Алайда ол бас тартып, әйеліне дөрекі сөздер айтқан көрінеді.

"Ол: "Жоқ, мен мұны істемеймін", - деп жауап беріп, дөрекі сөздер айтты. Өзіңізді әйелімнің орнына қойып көріңізші. Оның орнында болсаңыз, не істер едіңіз? Әңгіме бар болғаны кабинетті жинау туралы өтініш жайында болып отыр", - деді Халеф Челик.

Оның айтуынша, жанжалға осы мектепте оқитын ұлы да араласқан. Бала анасына еден жуушы оны балағаттағанын айтып берген көрінеді. Халеф Челиктің сөзінше, осыдан кейін әйелі дәлізге шығып, шелекті теуіп жіберген.

"Яғни видеода ол шелекті теуіп жібергені ғана көрінеді. Бірақ адамдар ол шелекті неге тепкенін және мұндай жағдайға не себеп болғанын сұрамайды", - деген кәсіпкер, әйелі су толы шелекті тепкенін жоққа шығармайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ол осы оқиғадан кейін әйелін мектептен жұмыстан шығаруға мәжбүр болғанын айтты. Әйелі мектепте түрік тілінен сабақ берген. Бұл сабақ сыныптан тыс уақытта өткізілген.
Мұғалімдерге жалақының жартысы ғана төленген
Челик өзінің тағы бір мектебі - "Ақтау зияткерлік мектебі" бұрынғы қызметкерлерінің шағымына да тоқталды. Бұған дейін педагогтер тамыздан бастап ғимаратты оқу жылына дайындауға көмектескендерін айтқан. Олар жиһаз тасып, бөлмелерді жабдықтаумен айналысқан. Алайда жұмыстың алғашқы айында оларға жалақы төленбейтіні хабарланған. Еңбек шарты қызметкерлер сұрап қоймағаннан кейін ғана рәсімделген. Жұмыстан кеткен соң олардың кейбірі еңбекақысын әлі күнге дейін ала алмаған.
Челик өз мектептерінде жалақы әдетте әр айдың 1-і мен 10-ы аралығында төленетінін және қызметкерлер алдында берешек жоқ екенін мәлімдеді. Алайда кейбір жұмысшыларға ақша толық көлемде аударылмағанын мойындады. Оның айтуынша, штаттағы педагогтер жалақысын толық алған, ал штаттан тыс қызметкерлерге жартысы ғана төленген.

"Біз екі айдан бері қаржыландыру алмай отырмыз. Қыркүйек, қазан - қазір үшінші ай басталды, бірақ әлі ақша алған жоқпыз. Соған қарамастан штатта жұмыс істейтін мұғалімдерімізге жалақысын төледік. Ал штаттан тыс қызметкерлерге ақшаны әзірге толық төлей алмадық, себебі қаржыландыруды күтіп отырмыз. Оларға ақшаның жартысын төледік, қалған жартысы әлі берілген жоқ", - деп түсіндірді кәсіпкер.

Ол мектеп мемлекеттік қаржыландыру алу үшін қажетті құжаттарды жібергенін, алайда әзірге жауап алмағанын айтты. Кәсіпкердің сөзінше, қаржының кешігуіне құжаттарды рәсімдеу мәселесі себеп болған.

"Қаржыландыру түскен кезде қалған ақшаның бәрін төлейміз", - деп уәде берді Халеф Челик.

Алайда құрылтайшының бұл түсініктемесі редакция бұған дейін Маңғыстау облысының білім басқармасынан алған жауаппен сәйкес келмейді. Ведомство "Ақтау зияткерлік мектебі" мемлекеттік білім беру тапсырысын алмайтынын хабарлаған. Ал Халеф Челикке тиесілі тағы бір мектеп - "Тұлпар" 2025 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік қаржыландыру алып келеді.
Білім басқармасы мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем ай сайын және толық көлемде жүргізілетінін де атап өтті. Ал жекеменшік мектеп қызметкерлеріне жалақының уақытылы төленуін бақылау ведомство құзыретіне кірмейтінін хабарлады.
Алайда Челик "Ақтау зияткерлік мектебі" де мемлекеттік қаржы алуы тиіс екенін айтып отыр. Оның сөзінше, қажетті құжаттар жіберілгенімен, қаржыландыру әлі түспеген.
Бухгалтердің қатесі және 200 мың теңге
Кәсіпкер декреттік демалысқа шыққан мұғалімге қатысты жағдайға да түсініктеме берді. Оның айтуынша, бухгалтердің қателігі салдарынан мұғалімге тиесілі ақшаның бір бөлігі төленбеген.

"Біз бұл жерде қателік жібердік. Бірақ бірнеше күн бұрын оған ақша жібердім. 200 мың теңге аудардым", - деді Челик.

Жекеменшік мектептердің құрылтайшысы өзге қызметкерлер жалақыны уақытылы алып отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Халеф Челик - қазақстандық педагог, білім беру саласындағы кәсіпкер және жекеменшік оқу орындарының негізін қалаушы. Ол 22 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген және еліміздің азаматы.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net