Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Жәрдемақыдан зейнетақы жарнасына дейін: жаңа ең төменгі жалақы неге әсер етеді?

0

2027 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс жұмысшылардың табысына ғана емес, кейбір әлеуметтік төлемдердің көлеміне, сондай-ақ зейнетақы жарнасы мен мемлекеттік қорларға аударылатын аударымдарға да әсер етуі мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі бұл өзгерістер кімдерге қатысты болатынын және қандай төлемдер өсетінін анықтап көрді.
ЕТЖ деген не?
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – бұл жұмыс беруші жұмыс уақытының толық нормасын атқарған қызметкерге бір ай үшін төлеуге міндетті ең аз сома.
Бұл көрсеткіш жұмысшыларды қорғаудың мемлекеттік кепілі ретінде қызмет етеді және еңбекақыны реттеу үшін, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылады.
ЕТЖ мөлшері жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" заңда бекітіледі. Кейінгі үш жылда Қазақстанда ЕТЖ 85 мың теңге деңгейінде өзгермей келеді. Соңғы рет индекстеу 2024 жылы жүргізілді: ол кезде сома 15 мыңға – 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылған.
28 қазанда Президент Қазақстан халқына Жолдауында ЕТЖ 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтерілетінін айтты.
Бұл кімдерге қатысты болады?
Президенттің айтуынша, ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллион адамға әсер етеді. Олардың қатарында бюджеттік сала қызметкерлері мен жеке компаниялардың жұмысшылары бар.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 110 мың теңгеден кем емес жалақы төлеуге міндетті болады. Бұл мемлекеттік мекемелерге де, жеке бизнеске де қатысты.
Бұл әлеуметтік төлемдерге қалай әсер етеді?
Кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері адамның қанша табыс тапқанына байланысты. Бұл ретте есептеу үшін жеті ең төменгі жалақыдан аспайтын табыс ескеріледі. Егер ЕТЖ өссе, төлемдер мөлшері де артады.
1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін төлем мөлшері орташа айлық табыс бойынша есептеледі, бірақ 7 ЕТЖ-дан аспайтын шекте ескеріледі.
ЕТЖ 110 000 теңгеге дейін өскен кезде, максималды есептік база 595 000 теңгеден 770 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл төлемдердің жоғарғы шегі өсетінін білдіреді:

Қазір: Ең жоғары сома айына 238 000 теңге болған (595 000 теңгенің 40 пайызы).
Болады: Ең жоғары мөлшер айына 308 000 теңгеге дейін артады (770 000 теңгенің 40 пайызы).

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы
Жұмысынан айырылу бойынша төлем де осы сызбамен есептеледі.

Қазір: Ең жоғары сома айына 267 750 теңге (595 000 теңгенің 45 пайызы).
Болады: Ең жоғары сома айына 346 500 теңгеге дейін өседі (770 000 теңгенің 45 пайызы).

Жүктілік және босану бойынша төлем
ЕТЖ-ның өсуі табысы орташа деңгейден жоғары әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің максималды мөлшерін арттырады.
МӘСҚ-тан есептеу үшін алынатын максималды орташа айлық табыс 7 ЕТЖ-мен шектелгендіктен, ескерілетін табыстың жоғарғы шегі келесідей өзгереді:

ЕТЖ 85 000 теңге – айына 595 000 теңге.
ЕТЖ 110 000 теңге – айына 770 000 теңге. Есепке алынатын максималды табыс айына 175 000 теңгеге өседі.

Анықтама: 2026 жылы жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 499 000 теңге болды. Егер орташа айлық табыс белгіленген шектен (7 ЕТЖ) асып кетсе, төлем осы лимит негізінде есептеледі. Табыс көлемі кейінгі 12 айда МӘСҚ-қа түскен әлеуметтік аударымдармен расталады. Егер есеп айырысу кезеңі әртүрлі жылдарды қамтыса, әр айға сол кезде қолданыста болған ЕТЖ мөлшері пайдаланылады.
ЕТЖ тағы неге әсер етеді?
ЕТЖ-ның көтерілуі жалақыға ғана емес, мемлекеттік қорларға төленетін кейбір міндетті төлемдерге де әсер етеді. Әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының және медициналық сақтандыру төлемдерінің ең төменгі және ең жоғарғы сомалары өзгереді.
Әлеуметтік аударымдар
Жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударады. Бұл қордан, мысалы, жұмысынан айырылғанда немесе декретке шыққанда ақша төленеді.
Есептеу үшін ЕТЖ-ға байланған ең төменгі және ең жоғарғы шек қолданылады.

Ең төменгі әлеуметтік аударым: 2026 жылы 85 мың теңгелік ЕТЖ негізінде есептеледі – бұл айына 4 250 теңге. Егер ЕТЖ өссе, бұл сома 5 500 теңгеге дейін артады.Ең жоғары әлеуметтік аударым: қазір 595 мың теңгеден (7 ЕТЖ) аспайтын табыстан есептеледі, сондықтан максималды сома айына 29 750 теңге, ал ЕТЖ өскен кезде ол 38 500 теңгеге жетеді.

Міндетті зейнетақы жарнасы
Жұмысшылар жалақысының 10 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы шоттарына аударады. Бұл жарна бойынша есептелетін ең жоғары табыс көлемі – 50 ЕТЖ болып белгіленген.

Қазір: жарнаны есептеуге арналған ең жоғары табыс – айына 4,25 миллион теңге.
ЕТЖ көтерілгенде 5,5 миллион теңгеге дейін артады.

Бұл жоғары жалақы алатын қызметкерлерге қатысты. Лимиттің артуына байланысты олардың зейнетақы жарналарының мөлшері өсуі мүмкін.
Жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы
Жұмыс берушілер де өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарнасын аударады. Бұл төлемдерді есептеу кезінде де 50 ЕТЖ мөлшеріндегі шектеу қолданылады. Ең төменгі жалақы өскеннен кейін есепке алынатын ең жоғары табыс 4,25-тен 5,5 миллион теңгеге дейін өседі.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда жәрдемақы тағайындау жүйесі өзгертіліп жатыр. Әл-ауқат деңгейіне қарай қазақстандықтар бес топтың біріне – A, B, C, D немесе E тобына жатқызылады. Төлем мөлшері немесе оның жалпы берілуі осыған байланысты болады.
Еңбек министрлігі бұл көмектің атаулығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндірді. Кімдер жәрдемақы ала алады, кімдерге бас тартылады және әр санаттың сипаттамасы қандай - мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Жаңа тәсіл Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа ереже бойынша қандай жәрдемақылар тағайындалатыны туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы мобильді аударымдарды тексеру: ең төменгі жалақы өскеннен кейін шекті мән қалай өзгереді?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net