Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы әкімдігі Гагарин бойындағы аллеяда плитка неге қайта ауыстырылып жатқанын түсіндірді

0

Алматылықтар Гагарин даңғылының бойындағы аллеяда жүргізіліп жатқан жұмыстарға наразылық білдірді. Қала тұрғындарының айтуынша, жұмысшылар тағы да плиткаларды алып, жасыл желектерді зақымдап, суару жүйесін ауыстырып жатыр. Әкімдіктің бұл жағдайды қалай түсіндіретінін Tengrinews.kz анықтап көрді.
"Тағы да жаңа плитка"
Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғынының Гагарин даңғылы бойындағы Құрманғазы көшесінің маңындағы аллеядағы соңғы құрылыс жұмыстарына наразылығын білдірген жазбасы пайда болды.

"Тағы да жаңа плитка әкелді, тағы да көптеген жасыл желекті жойып жатыр, суару жүйесін тағы да көміп тастамақшы", – деп жазды ол.

Пост авторының фотосы
"Біреу жауап беруі керек": тұрғындар не жазып жатыр?
Пікір қалдырушылардың көбі авторды қолдап, аллеядағы жөндеу жұмыстарының бірнеше айдан бері жалғасып жатқанын айтты. Бірі абаттандыру жұмыстары тым жиі жүргізіледі деп есептесе, енді бірі үнемі жүріп жатқан жұмыстардың кесірінен еркін серуендеу қиындап кеткеніне шағымданып жатыр.

"Құрметті әкімдік, алдыңғы реконструкциядан бері екі жыл да өткен жоқ".
"Жаз мезгілінде кедергілерден секірмей, жайбарақат серуендегің келеді. Жыл сайын осы жағдай".

Бұдан бөлек, оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына Гагарин даңғылындағы кесілген ағаштардың суретін жіберді. Тұрғындардың сөзінше, коммуналдық қызметтер бұтақтарды тым қысқа кесіп тастаған, соның кесірінен қалалықтар жасыл желектің жағдайына алаңдаулы.
Tengrinews.kz оқырмандарының фотосы
Tengrinews.kz оқырмандарының фотосы
Әкімдік мұны қалай түсіндіреді?
Алматы әкімдігі қазіргі уақытта Гагарин даңғылында жасыл желектерді суару жүйесін жақсарту мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қолданыстағы тас төсемені ауыстыру жоспарда жоқ, тек шөгіп кеткен жерлерді қалпына келтіру және қиылыстардағы жіктерді жаңарту мен кеңейту жұмыстары жүріп жатыр", – деп мәлімдеді әкімдік.

Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, жұмысшылар суару жүйесін жаңартып жатыр. Олардың дерегінше, ескі металл құбырлар істен шыққан.

"Ескі металл суару жүйесі құбырлардың тозуына, коррозияға ұшырауына және қызмет көрсетудің қиындығына байланысты заманауи автоматты суару жүйесіне ауыстырылып жатыр", – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Әкімдік сонымен қатар Гагарин даңғылының Абайдан Төле биге дейінгі учаскесін соңғы рет абаттандыру жұмыстары 2020 жылы жүргізілгенін еске салды.
Бұған дейін Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің жағалауында асфальттың қайта төселуіне наразылық білдірген болатын. Қала тұрғынының айтуынша, екі айдың ішінде бір учаскедегі жабын осымен үшінші рет ауыстырылған. Әкімдік мұны қалай түсіндіргенін осы жерден оқыңыз.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net