Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қытайлық Volkswagen ресми түрде Қазақстанда пайда болады: бұл қай модельдерге қатысты?

0

Volkswagen көпжылдық "Қытайда жасалған - Қытай үшін" қағидатынан бас тартты. FAW-Volkswagen және SAIC Volkswagen бірлескен кәсіпорындары шығаратын автокөліктер алғаш рет Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан нарығына ресми түрде шығады, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі carnewschina-ға сілтеме жасап.

Неміс автоөндірушісі Қытайда көлік шығаруды сонау 1985 жылы бастап, мемлекеттік SAIC компаниясымен, кейін FAW концернімен бірлескен кәсіпорын құрған болатын.

Осы уақыт бойы Қытайда құрастырылған модельдер ішкі нарыққа арналып, көбіне жергілікті сатып алушылардың талғамына сай бейімделіп келді.

Компания стратегиясы өзгереді

2026 жылдың маусымында FAW-Volkswagen Қазақстан нарығы үшін бірден үш модельді сертификаттаудан өткізді. Олар: Passat атауымен сатылатын Volkswagen Magotan, сондай-ақ Volkswagen Tayron L және Jetta VS7.

Бұл көліктер жуырда сатылымға шығады деп күтіледі. Бүгінде Қазақстандағы ресми Volkswagen модельдер қатары іс жүзінде Словакияда құрастырылған жалғыз Touareg көлігімен шектеліп отыр.

Сонымен қатар 2026 жылдың аяғына дейін Өзбекстанда FAW-Volkswagen және SAIC Volkswagen-нің сегіз моделін жергілікті құрастыруды ұйымдастыру жоспары жарияланды. Модельдер қатарына Volkswagen Tiguan L Pro, Passat Pro, Teramont Pro, сондай-ақ Jetta брендінің көліктері кіреді. Оларды Өзбекстан нарығына жеткізіп қана қоймай, ТМД, Орталық Азия және Кавказ елдеріне экспорттау жоспарланып отыр.

Фото: Volkswagen

Volkswagen стратегиясын неге өзгертті?

Экспорттық нарыққа шығу туралы шешім Қытай автокөлік нарығындағы өзгерістерге байланысты қабылданды. Volkswagen Қытайдағы іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктердің ең ірі сатушысы болып қалғанына қарамастан, электрмобильдер мен гибридтердің танымалдылығы артуына байланысты мұндай машиналар үлесі азайып барады.

China EV DataTracker мәліметінше, Қытайдағы жаңа энергия көздерімен жүретін көліктердің (NEV) үлесі 54 пайызға жетті, ал Volkswagen-нің жергілікті нарықтағы сатылымы бір жылда 29 пайызға жуық төмендеп, 665,5 мың автокөлік болды.

Сұраныстың төмендеуіне байланысты FAW-Volkswagen және SAIC Volkswagen бірлескен кәсіпорындарында бос өндірістік қуаттар пайда болып, оларды экспортты ұлғайту үшін пайдалану көзделген. Орталық Азия Қытайда құрастырылған көліктер ресми түрде жеткізіле бастайтын алғашқы аймақ болмақ.

Бұл ретте Volkswagen-нің экспорттық стратегиясын өзгертуі Қытай автокөлік нарығының жалпы трансформациясы аясында болып отыр.

Елде жаңа автокөліктер сатылымы қатарынан тоғызыншы ай төмендеп келеді. Қытай жеңіл автокөліктер қауымдастығының (CPCA) дерегі бойынша, маусымда 1,62 миллион жаңа жеңіл көлік сатылған, бұл былтырғымен салыстырғанда 23,4 пайыз аз. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нарық 20,4 пайыз - 8,8 миллион автокөлікке дейін қысқарды.

Ішкі сұраныстың төмендеуі жағдайында көптеген автоөндіруші экспорттық жеткізілімді белсенді дамытып жатыр. Қытайлық брендтер үшін бұл өсудің басты драйверлерінің біріне айналды, енді Volkswagen China да бірлескен кәсіпорындарының өндірістік қуатын шетелдік нарықтар есебінен жүктеуге үміт артып, осындай стратегияны қолдана бастады.

Reuters мәліметінше, экспорттық стратегияның өзгеруі Volkswagen-дегі ауқымды қайта құрылымдау аясында жүріп жатыр. Компания шығынның өсуіне, қытайлық автоөндірушілер тарапынан күшейген бәсекелестікке және жекелеген нарықтардағы импорттық баж салығы қысымына тап болды. Мәселен, 2024 жылдың аяғында Германиядағы тұрақтарда жалпы құны 300 миллион еуродан асатын сатылмаған мыңдаған Audi мен Volkswagen автокөлігі жиналып қалды.

Болашақта Volkswagen Қытайдан іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді ғана емес, электрмобильдер мен арнайы қытай нарығы үшін әзірленген гибридті модельдерді де экспорттауды жоққа шығармайды.

Неміс алпауыты Volkswagen-нің болашағы “бұлыңғыр“ - БАҚ

Қытайда алғашқы өңір іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерді сатуға толық тыйым салмақ

Қытай автокөлік экспорты бойынша рекорд орнатты, бірақ себебі аса жағымды емес






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net